Аудан әкімі жеке қабылдауын өткізді

    1 / 3

    Бүгін аудан әкімі Жұмабек Қаражанов бірқатар азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.

    Қабылдау барысында азаматтар газ жүргізу, апатты тұрғын үйлерді жол картасына енгізу, тұрғын үй кезегі және жер телімін алу, коммуналдық және жұмыссыздық мәселелері бойынша өтініштерін жеткізді.

    Мәселен, аудан аумағында шаруашылық ашу үшін жер телімін сұраған тұрғынға аудан әкімі Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 43-1-бабының 1-тармағына сәйкес, шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін жер учаскелері конкурс негізінде берілетінін түсіндірді. Сондай-ақ, конкурсқа қатысу және тиісті құжаттарды рәсімдеу тәртібі жөнінде ақпарат берді.

    Қабылдау барысында аудан әкімі әрбір азаматтың мәселесін тыңдап, жауапты сала басшыларына нақты тапсырма жүктеді. Сондай-ақ, қабылдауға келген азаматтардың мәселелері жан-жақты зерттеліп, шешімі заң талаптарына сәйкес қарастырылатынын атап өтті.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Жылыой ауданының әкімдігі" жаңалықтары