КЕЙС: 2026 ЖЫЛЫ ЖК АШПАЙ ЖҰМЫС ІСТЕУГЕ БОЛА МА?

    КЕЙС: 2026 ЖЫЛЫ ЖК АШПАЙ ЖҰМЫС ІСТЕУГЕ БОЛА МА?
    Мысалы, азамат өз бетінше қызмет көрсетеді және табыс алады. Оның жалдамалы қызметкерлері жоқ.
    Міндетті түрде жеке кәсіпкер ретінде тіркелу қажет пе?
    Әрдайым емес. 2026 жылы жеке тұлғалар белгіленген талаптарды сақтаған жағдайда өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін арнайы салық режимін қолдана алады.
    Негізгі талаптар:
    жеке тұлға жеке кәсіпкер болып тіркелмеуі тиіс;
    жалдамалы қызметкерлердің еңбегін пайдаланбауы тиіс;
    рұқсат етілген қызмет түрін жүзеге асыруы тиіс;
    айлық табысы белгіленген шектен — 300 АЕК-тен аспауы тиіс.
    Бұл режимді қолданған кезде жеке табыс салығы төленбейді, ал әлеуметтік төлемдер мөлшері табысқа 4% құрайды.
    Алайда бұл режимді таңдамас бұрын өз қызмет түріңіздің рұқсат етілген қызмет түрлерінің тізбесіне кіретінін және барлық талаптардың сақталатынын тексеру қажет.
    Сіз қандай қызмет көрсетесіз? Қызмет түріңізді пікірге жазыңыз — салық режимін таңдауға қатысты сұрақтарыңызды қойыңыз.
    #Қостанай #Салық2026 #ӨзінӨзіЖұмыспенҚамтығандар #СалықРежимі #СалықКодексі2026 ҚРМҚК

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті" жаңалықтары