Мемлекеттік қолдаудың жеке түрі ретінде наградталған анаға ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы төленеді.
Әлеуметтік кодекстің 93-бабына сәйкес бұл жәрдемақы «Күміс алқа», «Алтын алқа» төсбелгілерімен наградталған, бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ «Ана даңқы» ордендерінің I және II дәрежелерімен наградталған аналарға тағайындалады.
Наградталған анаға берілетін жәрдемақы көпбалалы отбасына берілетін жәрдемақыдан бөлек мемлекеттік төлем болып табылады.
2026 жылы наградталған анаға берілетін жәрдемақы мөлшері
Санаты 2026 жылғы мөлшері
«Күміс алқа» төсбелгісімен наградталған аналар айына 27 680 теңге (6,40 АЕК)
«Алтын алқа» төсбелгісімен наградталған аналар айына 32 005 теңге (7,40 АЕК)
«Батыр ана», «Ана даңқы» I және II дәрежелері айына 32 005 теңге (7,40 АЕК)
Жәрдемақы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 24 мамырдағы № 169 бұйрығымен бекітілген Қағидаларға сәйкес тағайындалады.
Жәрдемақы тағайындау үшін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы, eGov веб-порталы арқылы, проактивті қызмет шеңберінде, сондай-ақ заңнамада көзделген өзге де цифрлық тәсілдермен жүгінуге болады.
Электрондық түрде жүгінген кезде қажетті мәліметтер мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алынатын жағдайларда оларды қағаз түрінде ұсыну талап етілмейді.
Көпбалалы отбасына берілетін жәрдемақы өтініш берілген күннен бастап тағайындалады. Өтініш берілген күн — өтінішті тапсырған күн болып есептеледі.
Проактивті қызмет арқылы жәрдемақы тағайындалған кезде өтініш берген күн жәрдемақы тағайындауға келісім алынған күн болып есептеледі.
Наградталған анаға берілетін жәрдемақы
1 / 6
Ұқсас материалдар

Тәркіленген 1795 қорап темекі өнімі аудан әкімдігіне берілді
Жетісу облысының Әділет департаментіАшу
Алматы облысында «Қазселденқорғау» жаңа диспетчерлік пункті ашылды
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігіАшу
Ырғызда әлеуметтік осал топтарға арналған 90 тұрғын үй салынуда
Ырғыз ауданы әкімдігіАшу
«Ауыл» партиясында азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау өтті
Жетісу облысының Әділет департаментіАшу
Омбудсмен Варшавада соттардың институционалдық тәуелсіздігін нығайту бағытындағы Қазақстанның тәжірибесін таныстырды
Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілАшу
"" жаңалықтары

ТОҒЫЗ АЙДА 114 МЫҢНАН АСТАМ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ SKILLS ENBEK ПЛАТФОРМАСЫНДА ОҚУДАН ӨТТІ
Ашу
ҚАЗАҚСТАН КӘСІПОРЫНДАРЫНДА КӘСІПТІК ТӘУЕКЕЛДЕРДІ БАҒАЛАУДЫҢ ЖАҢА ТӘСІЛДЕРІ СЫНАҚТАН ӨТТІ
Ашу
ЖҰМЫС БЕРУШІЛЕР ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІ МІНДЕТТІ САҚТАНДЫРУДЫ ОНЛАЙН РӘСІМДЕЙ АЛАДЫ
Ашу
Неліктен еңбек өтілі ұқсас адамдардың зейнетақы мөлшері әртүрлі болуы мүмкін?
Ашу
ҚАЗАҚСТАНДА КОХЛЕАРЛЫҚ ИМПЛАНТЫ БАР БАЛАЛАРДЫ ҮЗДІКСІЗ ОҢАЛТУДЫҢ ЖАҢА МОДЕЛІ ЕНГІЗІЛУДЕ
Ашу