
Сіздің жағдайыңыз:
Қызметті тоқтатуға өтініш берген кезде қызметті тоқтату туралы берілген салықтық өтінішке бас тарту келді. Бас тарту себебін қалай көруге болады және алдыңғы өтініш бойынша бас тартуды ескере отырып, қызметті тоқтату туралы өтінішті қалай дұрыс беруге болады?
Қалай түзетуге болады
СӘИЖ АЖ-да «Құжаттар» – «Менің құжаттарым» – «Салықтық өтініш» бөлімінде берілген салықтық өтініштердің, оның ішінде қызметті тоқтату туралы салықтық өтініштердің тарихы қолжетімді.
Егер МКО есептен шығарудан бас тартса, салықтық өтінішке «Қабылданбады» деген мәртебе беріледі.
Бас тарту себебін көру үшін «Қабылданбады»деген мәртебені басып, мемлекеттік кірістер органының құжаттарды қабылдағаны немесе қабылдамағаны туралы электрондық хабарламаны ашу қажет. Хабарламада салықтық өтінішті қабылдаудан бас тарту негізі көрсетіледі.
Бас тартуға негіз болған себептер жойылғаннан кейін салық төлеуші CӘИЖ АЖ арқылы жалпы тәртіппен қызметті тоқтату туралы салықтық өтінішті қайта беруге құқылы.
#Заң_мен_тәртіп #Закон_и_порядок








