
1 қазан — аға буынға деген құрмет пен алғысқа, жылылыққа толы ерекше күн.
Халықаралық қарттар күніне орай Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері салық және кеден қызметінің ардагерлерін құттықтады.
Бұл біз үшін жай ғана жақсы дәстүр емес, саналы ғұмырын қызметке арнаған, оның қалыптасуы мен дамуына үлес қосқан, кейінгі буынға білімі мен тәжірибесін жеткізген ардагерлерге алғыс білдірудің маңызды мүмкіндігі.
Ардагерлер — қызметіміздің тарихы, тәжірибесі, даналығы мен сабақтастығы. Олардың кәсіби жолы бүгінде де жауапкершіліктің, адалдықтың және өз ісіне деген құрметтің жарқын үлгісі болып қала береді.
Құрметті ардагерлер! Сіздерге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыларыңызға амандық, жақындарыңыздың қамқорлығы мен ықыласын тілейміз. Әр күніңіз жылылыққа, жақсы кездесулерге және лайықты құрметке толы болсын.
Еңбектеріңізге, даналықтарыңызға және баға жетпес үлестеріңізге шын жүректен алғыс айтамыз!
#ҚарттарКүні #ҚостанайДГД #ҚызметАрдагерлері #СалықҚызметі #КеденҚызметі #ҰрпақСабақтастығы









