Шымкент қаласының әкімі Ғ.Сыздықбековтің төрағалығымен Терроризмге қарсы комиссия отырысы өткізіліп, комиссия мүшелерімен қатар, ҰҚК департаментінің, құқық қорғау органдарының, мемлекеттік мекемелердің және мүдделі ұйымдардың өкілдері қатысты.
Отырыста экстремизм мен терроризмнің алдын алу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар, сондай-ақ халық арасында радикалды идеологияның таралуына жол бермеу бағытындағы жұмыстың нәтижелері қаралды.
Білім беру және спорт салаларындағы профилактикалық жұмыстарға, оның ішінде жастардың радикалды идеологияға қарсы тұрақты иммунитетін қалыптастыруға және құқықтық сауаттылығын арттыруға ерекше назар аударылды.
Сонымен қатар, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде жүргізілген ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының тиімділігін арттыруға бағытталған жұмыстардың нәтижелері қаралды.
Қала әкімі Ғ.Сыздықбеков профилактикалық жұмысты, әсіресе жастар арасында күшейту қажеттігін атап өтті.
Мемлекеттік органдардың, білім беру, спорт ұйымдарының және азаматтық қоғам институттарының экстремистік идеологияның таралуына жол бермеу мәселелері бойынша өзара іс-қимылдың маңыздылығы аталды.
ҰҚК қалалық департаментінің басшылығы профилактикалық іс-шаралардың тиімділігін арттыруға және тәуекел факторларды уақытылы анықтауға назар аударды.
Іс-шара барысында профилактикалық жұмысты тиісті деңгейде ұйымдастырған және ведомствоаралық өзара іс-қимылды белсенді жүзеге асырған мемлекеттік органдардың қызметі аталды. Сонымен бірге профилактикалық жұмысты ұйымдастыруда, ақпараттық-түсіндіру іс-шараларының сапасында және берілген тапсырмалардың орындалуында орын алған кемшіліктер көрсетілді.
Отырыс қорытындысы бойынша комиссия мүшелеріне профилактикалық жұмысты одан әрі күшейтуге, ведомствоаралық өзара іс-қимылдың тиімділігін арттыруға және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған нақты тапсырмалар берілді.
Тапсырмалардың орындалуы бақылауға алынды.
Материал Шымкент қ. ТҚК
ақпараты негізінде дайындалды









