
Бүгін, ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қарағанды облысы бойынша филиалында облыстық қоғамдық кеңес мүшелеріне арналған:
«Қоғамдық кеңестің рөлі мен өкілеттіктері: бақылау, қатысу және жауапкершілік»
тақырыбында семинар өтті.
Семинар барысында қатысушыларға ҚР салық заңнамасына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар таныстырылды.
Сабақты Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Түсіндіру жұмысы және байланыс орталығы басқармасының басшысы Жойкимбекова З.К. өткізді.
💬 Кездесу барысында салық заңнамасының өзекті мәселелері қаралып, салық төлеушілер мен қоғам үшін маңызды негізгі өзгерістер бойынша түсіндірмелер берілді.
Мұндай кездесулер қоғамдық кеңес мүшелерінің құқықтық және салықтық сауаттылығын арттыруға, кәсіби білімін жетілдіруге, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам институттары арасындағы өзара байланысты нығайтуға ықпал етеді.
🤝 Қарағанды облысы бойынша МКД семинарды ұйымдастырушыларға ынтымақтастық үшін алғыс білдіреді және білім мен тәжірибе алмасуға мүмкіндік жасағандары үшін ризашылығын білдіреді.








