
Аудан әкімінің орынбасары Сәуле Жайылғанова Сандықтау ауылдық округінің активіне жаңадан сайланған ауылдық округ әкімі Мұрат Баубековті таныстырды.
Аудан әкімінің орынбасары жаңа әкімді сайлануымен құттықтап, жұмысына сәттілік, жемісті еңбек, сондай-ақ округ тұрғындарының қолдауы мен сеніміне ие болуына тілектестік білдірді.
Кездесу барысында жаңа басшыға округті одан әрі дамытуға және жергілікті тұрғындардың өзекті мәселелерін шешуге бағытталған негізгі міндеттер белгіленді.









