Мұрат Баубеков-Сандықтау ауылдық округінің жаңа әкім

    Мұрат Баубеков-Сандықтау ауылдық округінің жаңа әкім

    2026 жылғы 4 қазанда өткен дауыс беру қорытындысы бойынша Сандықтау ауылдық округінің әкімі болып Баубеков Мұрат Мұхамбетұлы сайланды.

    Баубеков Мұрат Мұхамбетұлы 1974 жылғы 14 қарашада Ақмола облысы Сандықтау ауданының Сандықтау ауылында дүниеге келген.

    2011 жылы «Фемида» институтын «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған.

    Еңбек жолын 1993 жылы бастаған.

    1993–1996 жылдары — Сандықтау ауылында жүргізуші.

    2004–2009 жылдары — Сандықтау балалар үйінің тәрбиешісі, Сандықтау ауылы.

    2009–2020 жылдары — Сандықтау балалар үйі басшысының әкімшілік-шаруашылық жұмысы жөніндегі орынбасары (АШЖ), Сандықтау ауылы.

    2020–2023 жылдары — Сандықтау ауылы Балаларды қолдау орталығы басшысының әкімшілік-шаруашылық жұмысы жөніндегі орынбасары (АШЖ).

    2023 жылдан бастап Сандықтау ауылдық округінің әкімі болып тағайындалғанға дейін Сандықтау ауылындағы «Балаларды жыл бойы сауықтыру лагері» мемлекеттік мекемесі басшысының әкімшілік-шаруашылық жұмысы жөніндегі орынбасары (АШЖ) қызметін атқарды.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Сандықтау ауданының әкімдігі" жаңалықтары