
Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековтің тұрғындармен көшпелі кездесуі барысында Қаратау ауданының тұрғындары бірқатар өзекті мәселені көтерген болатын. Соның ішінде қауіпсіздік мақсатында Аманқарағай каналын қоршау қажеттігін айтып, тиісті шара қабылдауды сұраған.
Тұрғындардың өтініші назарға алынып, қазіргі таңда аталған мәселені шешу мақсатында канал бойын қоршау жұмысы жүргізілуде.
Бұл ең алдымен тұрғындардың, әсіресе, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, жазатайым жағдайдың алдын алуға және канал аумағын ретке келтіруге бағытталған.
Қоршаумен канал маңындағы қауіпсіздік деңгейі артып, тұрғындарға қолайлы жағдай жасалады.







