
Қызметтік әдеп нормаларын сақтау мемлекеттік қызметшілердің жұмысындағы маңызды талаптардың бірі болып табылады. Қызметкерлердің мінез-құлқына, жұмысқа деген көзқарасына және белгіленген талаптарды сақтауына мемлекеттік органдарға деген азаматтардың сенімі байланысты.
Буландын аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасында ұжыммен кездесу өтті. Жиынды Ақмола облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің Әдеп жөніндегі уәкілі Сауле Садвакасова өткізді.
Кездесу барысында Сауле Садвакасова қызметтік әдеп нормалары мемлекеттік қызметшілер тарапынан жұмыс орнында ғана емес, одан тыс уақытта да сақталуы тиіс екенін атап өтті. Оның айтуынша, қызметкердің мінез-құлқы азаматтардың мемлекеттік қызмет туралы түсінігін қалыптастырады. Сондықтан кез келген жағдайда өз міндеттеріне құрметпен және жауапкершілікпен қарау маңызды.
Сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу мәселелері қаралды. Қызметкерлерге заңнама талаптарын қатаң сақтау, мүдделер қақтығысына жол бермеу және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне әкелуі мүмкін жағдайлардан аулақ болу қажеттігі ескертілді.
Кездесу соңында Сауле Садвакасова лудоманияның алдын алу мәселесіне тоқталды. Ол өз мінез-құлқына жауапкершілікпен қараудың маңыздылығын атап өтіп, құмар ойындарға әуестенудің кері салдары туралы еске салды.
Кездесу жұмыс барысында ашық әрі іскерлік жағдайда өтті. Қызметкерлерге қызметтік әдепті сақтау, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және жауапты мінез-құлық мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.








