ЦИФРЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ЖОЛДАРЫНДАҒЫ ЖОЛ-КӨЛІК ОҚИҒАЛАРЫНЫҢ АЛДЫН АЛУҒА КӨМЕКТЕСЕДІ

    ЦИФРЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ЖОЛДАРЫНДАҒЫ ЖОЛ-КӨЛІК ОҚИҒАЛАРЫНЫҢ АЛДЫН АЛУҒА КӨМЕКТЕСЕДІ

    Алматы облысының жолдарында заманауи аппараттық-бағдарламалық кешендер жол қозғалысы ережелерінің бұзылуын автоматты түрде тіркейді. Жүйелер жылдамдықты арттыру, бағдаршамның тыйым салынған сигналына өту, жол белгілері мен жол таңбаларының талаптарын сақтамау, қауіпсіздік белдігін тақпау және көлік жүргізу кезінде ұялы телефонды пайдалану сияқты құқық бұзушылықтарды бақылайды.

    Алматы - Бішкек және Алматы - Шелек - Қорғас автожолдарында орташа жылдамдықты бақылауға ерекше назар аударылған. Жүйе көлік құралының белгілі бір жол бөлігін қанша уақытта жүріп өткенін анықтап, оның орташа жылдамдығын есептейді.

    Цифрлық технологияларды қолданудың басты мақсаты - жазалау немесе айыппұл санын көбейту емес, құқық бұзушылықтардың алдын алу және жол-көлік оқиғаларына жол бермеу.

    Әр технологияның артында ең басты құндылық - адамдардың қауіпсіздігі, өмірі мен денсаулығы тұр.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Алматы облысының Полиция департаменті" жаңалықтары