
Алматы облысы Полиция департаментінің патрульдік полиция батальоны қызметкерлері жол қозғалысы ережелерін бұзудың алдын алуға және ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін құқық бұзушылықтарға жол бермеуге бағытталған профилактикалық іс-шараларды тұрақты түрде жүргізіп келеді.
Әлеуметтік желілерге контент түсіру үшін қасақана жол қозғалысы ережелерін бұзатын, көшелерде дрифт жасап, қауіпті жағдай туғызатын жүргізушілерге ерекше назар аударылады.
Осындай жүргізушілерге арнайы үндеу жасағымыз келеді. Жол - ойын-сауық пен қаралым жинайтын орын емес. Кез келген ойланбай жасалған маневр жол-көлік оқиғасына әкеліп, тек жүргізушінің ғана емес, басқа да жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіруі мүмкін.
Жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін сақтауға, айналадағыларға қауіп төндірмеуге және өз әрекеттері үшін жауапкершілік бар екенін есте сақтауға шақырамыз.
Жолдағы «Заң мен Тәртіп» әр адамның жеке жауапкершілігінен басталады.







