ПОЛИЦЕЙЛЕР КАМЕРАҒА ӘДЕПСІЗ ҚЫЛЫҚ КӨРСЕТКЕН ЖҮРГІЗУШІНІ ЖАУАПКЕРШІЛІККЕ ТАРТТЫ

    ПОЛИЦЕЙЛЕР КАМЕРАҒА ӘДЕПСІЗ ҚЫЛЫҚ КӨРСЕТКЕН ЖҮРГІЗУШІНІ ЖАУАПКЕРШІЛІККЕ ТАРТТЫ

    Полиция қызметкерлері бейнебақылау камераларын мониторингтеу барысында Алматы - Шелек - Қорғас автожолының 140-шақырымында көлік жүргізушісінің бұзақылық сипаттағы әрекетін тіркеді.

    Бейнежазбада жүргізушінің камераның жанынан өтіп бара жатып, оған әдейі әдепсіз қимыл көрсеткені анық көрінеді.

    Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полицейлер сұр түсті Mercedes-Benz маркалы көліктің орналасқан жерін анықтап, оны тоқтатты. Жүргізуші анықталып, жауапкершілікке тартылды.

    Сонымен қатар тексеру барысында жүргізушінің камераға жақындаған кезде мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісін қасақана жасырғаны анықталды. Осыған байланысты оған қатысты Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің тиісті баптары бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтырылды.

    Материалдар процессуалдық шешім қабылдау және құқық бұзушыны жауапкершілікке тарту үшін сотқа жолданды.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Алматы облысының Полиция департаменті" жаңалықтары