
Алматы облысының полиция департаментінің 10 патрульдік автокөлігі жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігін арттыруға және жол-көлік оқиғаларының алдын алуға арналған Sergek Patrol Box кешендерімен жабдықталған.
Кешен жол қозғалысы ережелерінің бұзушылықтарын автоматты түрде тіркеп, жүргізушілердің қауіпті әрекеттерін уақтылы анықтауға және жолдардағы тәртіпті арттыруға мүмкіндік береді.
Заманауи технологияларды пайдалану «Заң мен Тәртіп» қағидатының маңызды бөлігі болып табылады. Негізгі мақсат - жазалау емес, құқық бұзушылықтардың алдын алу, жол-көлік оқиғаларының санын азайту және жолдағы азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.







