ҚАРАСАЙ АУДАНЫНДА ПОЛИЦИЯ БЕЙНЕЖАЗБАДА ТҮСІРІЛГЕН ЖОЛ ҚОЗҒАЛЫСЫ ЕРЕЖЕЛЕРІНІҢ БҰЗЫЛУЫНЫҢ ЖОЛЫН КЕСТІ

    ҚАРАСАЙ АУДАНЫНДА ПОЛИЦИЯ БЕЙНЕЖАЗБАДА ТҮСІРІЛГЕН ЖОЛ ҚОЗҒАЛЫСЫ ЕРЕЖЕЛЕРІНІҢ БҰЗЫЛУЫНЫҢ ЖОЛЫН КЕСТІ

    Қарасай ауданында полиция қызметкерлері 3 қазанда « EGOV.PRESS » ақпараттық арнасында жарияланған бейнежазбаға қатысушыларды анықтады. Кадрларда Алматы - Астана автожолында бірнеше көліктің жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзып жүргені көрсетілген.

    Жедел іс-шаралар барысында әкімшілік құқық бұзушылық жасаған төрт жүргізуші анықталды. 3 қазан күні сағат 00:30 шамасында олардың Жібек Жолы ауылындағы мейрамханадан шығып, Алматы - Астана автожолы арқылы қозғалғаны анықталды.

    Әкімшілік жауапкершілікке Жолдасбай Еркебұлан, Махсетов Бекарыс, Жұмалиев Ержан және Тұрғанбай Ардақ тартылды. Жүргізушілерге қатысты жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу және бұзақылық фактілері бойынша барлығы 13 әкімшілік хаттама толтырылды.

    Сонымен қатар BMW көлігінің люгінен пиротехникалық бұйымдарды іске қосқан Базарымбетов Мейірбектің жеке басы анықталды. Оған қатысты әкімшілік хаттама толтырылды.

    Осылайша, оқиғаға қатысушыларға қатысты барлығы 14 әкімшілік хаттама толтырылды.

    Материалдарды қарау нәтижесінде сот құқық бұзушыларға 10 тәулікке әкімшілік қамақ түріндегі жаза тағайындады.

    Полиция жолдағы демонстрациялық және қауіпті әрекеттер қозғалысқа қатысушылардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретінін ескертеді. Мұндай құқық бұзушылықтар полицияның ерекше бақылауында.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Алматы облысының Полиция департаменті" жаңалықтары