
Форумға құрметті қонақтар ретінде: Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия төрағасының орынбасары Сүлеймен Ләззат Жаңылысқызы, Ғалым, биотехнолог, «QazVac» вакцинасының авторы, «Құрмет» орденінің иегері Закария Күнсұлу Дальтонқызы, ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссияның мүшесі, Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің мүшесі, Республикалық Аналар кеңесінің төрағасы Шанаи Назипа Ыдырысқызы қатысты.
Форум барысында Қазақстан Республикасында 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасы, қазақ ғылымындағы әйелдердің рөлі, сондай-ақ қоғамдағы ана мен баланың орны сынды өзекті тақырыптар қозғалды.
Аталған форумда Ақмола облысы атынан Ішкі саясат басқармасының бас маманы Қарауылова Мерейлім Төлеутайқызы делегат болып, Көкшетау қалалық «Әжелер мектебінің» жетекшісі, Аналар кеңесінің мүшесі Нұрсауле Мұратқызы «Ұрпақ тәрбиесі: ана аманаты – қоғам жауапкершілігі» тақырыбында баяндама жасап, спикер ретінде сөз сөйледі.
Форум “Анаға тағзым” орталығымен “Достық” үйінде кәсіпкерлермен қолөнершілер көрмесімен жалғасын тауып, секциялық отырыстармен жалғасын тапты.








