Уақытша болу жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету

    Уақытша болу жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету

    Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 263 бұйрығымен бекітілген Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарына және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 22 маусымдағы № 230 бұйрығымен бекітілген Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдар қызметінің қағидаларына сәйкес уақытша болу жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету бюджет қаражаты есебінен арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну қызметтерді алушылардың өтініші бойынша немесе аудандардың, облыстық және республикалық маңызы бар қалалардың (астананың) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің (бұдан әрі – уәкілетті органдар), денсаулық сақтау, ішкі істер саласындағы уәкілетті органдардың жазбаша жолдамасы негізінде қызметтерді алушының нақты тұрған жері бойынша жүзеге асырады.

    Жоғарыда аталған Қағиданың 5-тарауы 29-тармағының 2) тармақшасы негізінде уақытша болу ұйымдары келесі түрде құрылады: 2) дағдарыс орталықтары, әлеуметтік көмек орталығы, адам саудасының құрбандарына және тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған баспана.

    Уақытша болу қызметінің негізгі мақсаты отбасылық зорлық-зомбылыққа тап болған әйелдер мен балаларға жан жақты қолдау көрсету болып табылады. Аталған қолдау психологиялық оңалту жүргізуді, зомбылықтың жағымсыз салдарын алдын алуды, сондай-ақ заң көмегін көрсетуді қамтиды. Заңгерлік сүйемелдеу тұрғылықты жері бойынша тіркелу, жұмысқа орналасу, тұрғын үй алу кезегіне тұру, балабақшаға орналастыру, некені бұзу және алимент өндіріп алу мәселелері бойынша консультация беруді және жәрдем көрсетуді қамтиды.

    Уақытша болу орталығы қызмет алушыларға қауіпсіз тұру жағдайларын, жайлылық пен қолайлылықты қамтамасыз етеді.

    Уақытша болу орталығына азаматтар өз өтініші бойынша (оның ішінде «102» қызметіне хабарласқанда), сондай-ақ білім беру және денсаулық сақтау ұйымдарының жолдамасымен қабылданады. Болу мерзімі 1 айдан 6 айға дейін құрайды.

    Қызмет алушылар келгеннен кейін 72 сағаттың ішінде медициналық тексеруден өтеді және медициналық бақылаудан өтуі кезінде карантин бөлмесіне (мамандар изолятор деп атайтын уақытша болу бөлмесі) орналастырылады.

    Жолдама алғаннан кейін Дағдарыс орталығы қызмет алушымен шарт жасайды және ішкі құжаттар толтырылады.

    Орталықта тәулік бойы сенім телефондары: 25-32-62, 8-700-125-32-62 қызмет көрсетеді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы" жаңалықтары