Орталық Азия мен Әзербайжан сыртқы істер министрлері өңірлік ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады

    Орталық Азия мен Әзербайжан сыртқы істер министрлері өңірлік ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады

    Түрікменбашы, 2026 жылғы 7 қазан– Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министріМұхтар ТілеубердіОрталық Азия мемлекеттері мен Әзербайжан Республикасының сыртқы істер министрлерінің кеңесіне қатысты.

    Іс-шара барысында қатысушылар Консультативтік кездесулер форматы аясындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту жөнінде пікір алмасып, өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылады.

    Қазақстан СІМ басшысы М. Тілеуберді 2018 жылы алғашқы саммит өткізілгеннен бері Орталық Азия мемлекеттері мен Әзербайжан Республикасы арасындағы сенім ахуалын нығайту және өзара жақындасу жолында ауқымды жұмыс атқарылғанын атап өтті.

    «Мемлекеттер басшыларының саяси ерік-жігерінің арқасында бауырлас мемлекеттеріміз арасындағы қарым-қатынастар сапалық тұрғыдан жаңа деңгейге көтерілді. Консультативтік кездесулер сауда, өнеркәсіптік кооперация, энергетика, көлік, логистика және цифрлық технологиялар салаларындағы ынтымақтастықты жан-жақты тереңдетуге елеулі серпін берді», – деді М. Тілеуберді.

    Кеңес қорытындысы бойынша министрлер 2026 жылғы 8 қазанда Түрікменбашы қаласында өтетін сегізінші Консультативтік кездесу барысында қол қою жоспарланған қорытынды құжаттардың жобаларын және күн тәртібінің жобасын келісті.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі" жаңалықтары