
Түрікменбашы, 2026 жылғы 7 қазан–Қазақстанның сыртқы саяси ведомствосының басшысыМұхтар ТілеубердіТәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Сыртқы істер министрлері кеңесінің кезекті отырысына қатысты.
Іс-шара барысында қатысушылар халықаралық күн тәртібінің өзекті мәселелері және ТМД форматындағы көпжақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту жөнінде пікір алмасты.
М.Тілеуберді осы халықаралық ұйым аясындағы өзара іс-қимыл мәселелері бойынша Қазақстанның көзқарастары туралы отырысқа қатысушыларды хабардар етті жәнеДостастық әлеуетін одан әрі дамытуға бағытталған бірқатар ұсыныстар айтты.
Сыртқы істер министрлері кеңесі жұмысының негізгі бағыты
9 қазанда Түркіменстанда Достастық елдері көшбасшыларының қатысуымен өтетін ТМД-ның алдағы Саммитін дайындауға бағытталды. Атап айтқанда, Министрлер ТМД-ның құрылғанына 35 жыл толуына орай және тарихи жадыны сақтау мәселелері бойынша мемлекет басшыларының саяси мәлімдемелерін мақұлдады.
Қауіпсіздік, экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық, сондай-ақ көлік, ғылым, ғарыш және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған құжаттардың жобаларыдамақұлданды.
Кездесу қорытындысы бойыншатараптарДостастық шеңберіндегі өзара іс-қимылды одан әрі нығайтуға мүдделігін, қол жеткізілген уағдаластықтарды іс жүзінде іске асыруды және көпжақты ынтымақтастық тетіктерінің тиімділігін арттырудырастады.









