Павлодар облысында «Жатақхана» республикалық профилактикалық акциясы басталды

    Павлодар облысында «Жатақхана» республикалық профилактикалық акциясы басталды

    Павлодар облысында жатақханаларда өрттің алдын алу және өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған «Жатақхана» республикалық профилактикалық акциясы басталды.

    Бүгінде облыс аумағында 80-ге жуық жатақхана бар. Павлодар облысының Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері профилактикалық іс-шаралар барысында эвакуациялық жолдар мен шығу есіктерінің жай-күйіне, сондай-ақ алғашқы өрт сөндіру құралдарының болуы мен жарамдылығына ерекше назар аударады.

    Құтқарушылар жатақхана тұрғындарымен және жауапты тұлғалармен профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, өрт қауіпсіздігі қағидаларын және өрт туындаған жағдайда қандай әрекет жасау керектігін түсіндіреді.

    Жалпы, 2026-2027 жылдардағы жылыту кезеңі басталғалы бері облыста пешпен жылытудан 7 өрт және 1 көміртек тотығымен улану фактісі тіркелді.

    Павлодар облысының Төтенше жағдайлар департаменті азаматтарды өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауға шақырады. Тамақ дайындау кезінде ас үйді қараусыз қалдырмау, электр құрылғыларын қосулы күйде қараусыз қалдырмау және электр желілеріне шамадан тыс күш түсірмеу қажет.

    Өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау — адам өмірі мен денсаулығын қорғаудың басты кепілі.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Павлодар облысының Төтенше жағдайлар департаменті" жаңалықтары