«Тәжірибе – инновация – ынтымақтастық»: Екібастұзда педагогтер командаларына арналған жаңа жоба басталды

    «Тәжірибе – инновация – ынтымақтастық»: Екібастұзда педагогтер командаларына арналған жаңа жоба басталды

    Павлодар облысы Екібастұз қаласында білім беруді дамытудың өзекті мәселелері төңірегінде педагогтерді біріктіретін «Тәжірибе – инновация – ынтымақтастық» қалалық жобасы басталды. Жобаның мақсаты – қол жеткізілген нәтижелерді сақтап қана қоймай, тәжірибе алмасу, бірлескен жобалар және кәсіби өзара іс-қимыл арқылы мектептердің табысты тәжірибесін жаңа деңгейге көтеру.

    Жаңа оқу жылында командалар алты бағыт бойынша жұмыс істейді: білім сапасы, дарынды балаларды дамыту, цифрландыру және жасанды интеллект, оқу мәдениеті, жас педагогтерді қолдау және кәсіби шеберлікті арттыру. Әр команда өзекті тақырыпты таңдап, жеке жобасын әзірлейді және жұмыстың нақты нәтижесін айқындайды.

    Жыл бойы жобалық рейтинг жүргізіледі. Бағалау кезінде ашық сабақтар, педагогтердің бастамалары, оқушылардың нәтижелері мен әдістемелік әзірлемелері ескеріледі. Жобаның қорытындысы мамыр айында өтетін Педагогикалық инновациялар фестивалінде шығарылады. Қалалық әдістемелік алаңда үздік командалық жобалар таныстырылады.

    Жаңа жоба әр мектептің тәжірибесін бір ортаға тоғыстырып, тиімді педагогикалық практикаларды кеңінен таратуға мүмкіндік береді. Осылайша жекелеген идеялар мен әзірлемелер бір мектептің тәжірибесі болып қалмай, Екібастұздың тұтас білім беру жүйесін дамытуға қызмет етеді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    ""Павлодар облысының білім беру басқармасы" мемлекеттік мекемесі" жаңалықтары