
2026 жылғы қыркүйек айында дарынды балаларға арналған музыкалық мектеп-интернаты мен музыкалық колледжінің оқушылары мен студенттері республикалық XVII Ұлттық Дельфий ойындарына қатысып, жоғары кәсіби шеберліктерін танытып, жүлделі орындарға ие болды.
Ұлттық Дельфий ойындары — жас өнерпаздардың шығармашылық әлеуетін дамытуға, орындаушылық шеберлігін арттыруға және дарынды жастарды қолдауға бағытталған маңызды республикалық өнер байқауы. Байқауға еліміздің әр өңірінен жас музыканттар қатысып, өз өнерлерін жоғары деңгейде көрсетті.
Музыкалық мектеп-интернатының «Халық аспаптары» бөлімі бойынша «Баян-аккордеон» номинациясында тәрбиеленушілеріміз үздік нәтижелер көрсетті. Жанабай Арслан, 5 «А» сынып оқушысы, 10–12 жас санатында І орынға ие болды. Оқытушысы — Семёнова М.В. Ал Бастами Қалижан, 8 «А» сынып оқушысы, 14–17 жас санатында І орынды иеленді. Оқытушысы — Алимкулов М.Н.
Музыкалық колледжінің студенттері де байқауда жоғары орындаушылық шеберліктерін көрсетіп, жүлделі орындардан көрінді. «Ішекті аспаптар» бөлімінің студенттері Джамбазова Регина мен Райханов Ерсұлтан өз ұстазы Касьян Я.О. жетекшілігімен өнер көрсетіп, тиісінше І және ІІ орындарға ие болды.
Волкова И.Н. ұстазының шәкірті Смогулова Ирада республикалық байқауда жоғары орындаушылық шеберлігін танытып, қола медальмен марапатталды.
Бұл жетістіктер — жас музыканттардың табанды еңбегі мен шығармашылық ізденісінің, сондай-ақ олардың кәсіби шеберлігін қалыптастырып, өнер жолында бағыт-бағдар беріп жүрген ұстаздарының еңбегінің нәтижесі.
XVII Ұлттық Дельфий ойындарындағы жоғары нәтижелер музыкалық білім берудің кәсіби деңгейін, ұстаздар мен шәкірттер арасындағы шығармашылық сабақтастықты және жас өнерпаздардың үлкен сахнадағы әлеуетін айқын көрсетті.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді және олардың ұстаздарын лайықты жетістіктерімен құттықтаймыз. Алдағы уақытта да шығармашылық ізденістеріне табыс, кәсіби биіктер мен жаңа жеңістер тілейміз.









