Атырауда волонтерлер 50 жеміс ағашының көшетін отырғызды

    Атырауда волонтерлер 50 жеміс ағашының көшетін отырғызды

    «Бұл менің ағашым». Еріктілер «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасын қолдап, «Біз таңдаған жол» жобасы аясында игі бастамаға атсалысты. Іс-шараға 40 қа жуық адам қатысты, – деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

    Олар Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығының аумағына 50 жеміс ағашының көшетін отырғызды. Сонымен қатар аумақты тазалау, абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарына атсалысты.

    Экологиялық акцияны Атырау облысы Ішкі саясат басқармасының «Азаматтық орталық» КММ және «Атырау облысының Жастар ресурстық орталығы» КММ ұйымдастырды.

    – Мақсатымыз – қоршаған ортаны көгалдандыру, жастар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру, табиғатқа деген жауапкершілікті арттыру және туған өлкенің көркеюіне үлес қосуға шақыру. Жастардың мұндай бастамаларға белсенді қатысып жүргені қуантады. Әрбір отырғызылған көшет – табиғатқа деген жанашырлық пен туған жерге деген жауапкершіліктің көрінісі, – деді «Азаматтық орталық» КММ-нің бөлім басшысы Әсемгүл Асқарқызы.

    Экологиялық бастама жастардың қоғамдық белсенділігін арттырып, қоршаған ортаны қорғауға және туған өлкені көркейтуге деген жауапкершілікті нығайтуға бағытталды.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Атырау облысының әкімдігі" жаңалықтары