
9–10 қазан күндері Ұлан ауданының Бозанбай ауылындағы «Бүркіт төбе» этноаумағында қазақтың дәстүрлі құсбегілік өнерін дәріптейтін «ШЫҒЫС САЛБУРЫНЫ – 2026» І Азия кубогі өтеді!
Халықаралық додаға 9 елдің бүркітшілері қатысып, бүркіт, қаршыға, сұңқар және ителгімен бақ сынайды.
10 қазан сағат 13:00-де танымал өнер жұлдыздарының қатысуымен мерекелік концерттік бағдарлама өтеді.
Фестивальдің хедлайнерлері:
Joshy Qazaq National Group – ұлттық музыкалық мұраны заманауи сахнада дәріптейтін этно-фольклорлық ансамбль;
Тұрар Ыдырыс – танымал қазақстандық әнші, композитор және актер;
Қазыбек Әдікей Нығыметбек – домбыра мен қобызды серік еткен халық орындаушысы, әнші.
«ШЫҒЫС САЛБУРЫНЫ – 2026» – ұлттық рух, дәстүр, спорт пен өнер тоғысатын айтулы халықаралық мереке!
Баршаңызды отбасыларыңызбен бірге келіп, ұлттық өнерімізді қолдауға, халықаралық доданы тамашалап, мерекелік концерттің куәсі болуға шақырамыз!
Бозанбайда кездескенше!
Ұлан ауданы, Бозанбай ауылы, «Бүркіт төбе»
9–10 қазан 2026 жыл
Концерт – 10 қазан, сағат 13:00









