«Казкомсервис» ЖШС жұмысшысымен болған жазатайым оқиға бойынша арнайы тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілді.

    «Казкомсервис» ЖШС жұмысшысымен болған жазатайым оқиға бойынша арнайы тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілді.

    Ағымдағы жылдың 15 қыркүйегінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің мемлекеттік еңбек инспекторы И. Игамбердиев Жылыой ауданының Теңіз вахталық қалашығында «Казкомсервис» ЖШС жұмысшысымен болған жазатайым оқиға бойынша арнайы тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізді.

    Комиссия мүшелері тергеп-тексеру барысында жазатайым оқиғаның мән-жайын, орын алу себептерін, оқиға болған жерді, сондай-ақ жұмыс берушінің тиісті құжаттарын зерделеді. Сонымен қатар, оқиға куәларынан түсініктемелер мен сауалнамалар алынды.

    Қазіргі уақытта орын алған жазатайым оқиға бойынша комиссия мүшелерімен арнайы тергеп-тексеру жұмыстары жалғасуда.

    Тергеп-тексеру нәтижесі бойынша оқиға Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес еңбек қызметіне байланысты немесе еңбек қызметіне байланысты емес жазатайым оқиға ретінде сыныпталады.

    Сондай-ақ, тергеп-тексеру барысында жұмыскерлерге еңбек заңнамасының талаптары түсіндіріліп, қойылған сұрақтарына жауаптар берілді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті" жаңалықтары