
Ағымдағы жылдың 2 қазанында Жылыой ауданы әкімдігімен әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі аудандық үшжақты комиссия отырысы өткізілді.
Аталған кеңеске комиссия мүшелері және Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің мемлекеттік еңбек инспекторы, ақпараттық-талдау бөлімінің басшысы Убигалиева Самал Жалғасқызы, сонымен қатар, күн тәртібіне сәйкес шақырылған “Жан и КС” ЖШС, “Wood KSS” ЖШС, “Access and Coating group” ЖШС, “Тархан групп” ЖШС-нің өкілдері қатысты.
Үшжақты комиссия отырысы барысында еңбек заңнамасының талаптары, оның ішінде жалақының, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдардың уақытылы және толық төленуі, жергілікті тұрғындарды, пробация есебінде тұрған және мүмкіндігі шектеулі жандарды квота бойынша жұмыспен қамту мәселелері, жалақы берешектері, өндірістегі еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, жазатайым оқиғалар, еңбек шарттарын уақытылы тіркеу және жазатайым оқиғалардан сақтандыру шартын жасау мәселелері қаралып, талқыланды.








