2026 жылғы 9 айдағы мемлекеттік әлеуметтік қорғау инспекторларының жұмысы туралы

    2026 жылғы 9 айдағы мемлекеттік әлеуметтік қорғау инспекторларының жұмысы туралы

    2026 жылдың 9 айында Алматы қаласында Департамент тарапынан әлеуметтік қорғау саласындағы заңнаманың сақталуын қамтамасыз етуге, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға, сондай-ақ көрсетілетін әлеуметтік қызметтердің сапасын арттыруға бағытталған кешенді бақылау-профилактикалық жұмыстар жүргізілді.

    Есепті кезеңде Департаментпен 81 бақылау іс-шарасы жүргізілді, оның ішінде 26 профилактикалық бақылау және 55 жоспардан тыс тексеру өткізілді.

    Жүргізілген бақылау іс-шараларының нәтижесінде әлеуметтік қорғау саласындағы заңнама талаптарының 185 бұзушылығы анықталды.

    Анықталған бұзушылықтардың едәуір бөлігі мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын сақтау мәселелеріне қатысты. Негізінен, олар әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы объектілерінің, спорттық және мәдени-ойын-сауық ұйымдарының қолжетімділігін қамтамасыз етпеуге байланысты. Сонымен қатар, оңалтудың жеке бағдарламаларын орындамау жағдайлары анықталды.

    Үйде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласында 55 бұзушылық анықталды.

    Анықталған бұзушылықтарды жою және олардың қайталануына жол бермеу мақсатында бақылау іс-шараларының нәтижелері бойынша 66 нұсқама енгізілді, оның ішінде 54-і мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қорғау саласында және 12-сі арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласында.

    Анықталған бұзушылықтар бойынша оларды жоюға және заңнама талаптарының сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған тиісті ден қою шаралары қабылданды. Заңнамада көзделген жағдайларда әкімшілік ықпал ету шаралары қолданылды.

    Департамент жұмысының жекелеген бағыттарының бірі – жаңадан салынған және реконструкцияланған объектілерді пайдалануға беру кезінде олардың мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділік талаптарына сәйкестігі туралы декларацияларды келісу.

    Департамент қызметінің негізгі бағыттарының бірі – бұзушылықтарды анықтау ғана емес, сонымен қатар олардың нақты жойылуын қамтамасыз ету және профилактикалық шаралар қабылдау. Осыған байланысты анықталған бұзушылықтардың жойылуына кейінгі бақылау жүзеге асырылады.

    Департамент әлеуметтік қорғау саласындағы заңнаманың сақталуын қамтамасыз ету, мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қорғау, әлеуметтік қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын арттыру, анықталған бұзушылықтарды жою және олардың алдын алу бойынша жұмысты жалғастырады.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті" жаңалықтары