Жаяу жүргіншілер қауіпсіздігі – басты назарда

    Жаяу жүргіншілер қауіпсіздігі – басты назарда

    Шымкент қаласы Полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасының ұсынысымен мектептер мен балалар көп шоғырланатын нысандар маңындағы жаяу жүргіншілер өткелдеріне трапеция үлгісіндегі жасанды жол кедергілері пилоттық режимде орнатылуда.

    Бұл жаңа үлгідегі жол кедергілері көлік жылдамдығын төмендетіп, жаяу жүргіншілердің, әсіресе балалардың қауіпсіздігін арттыруға бағытталған.

    Жүргізушілерден жол белгілері мен таңбаларына назар аударып, жаяу жүргіншілер өткеліне жақындағанда жылдамдықты азайтуды сұраймыз.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Шымкент қаласының Полиция департаменті" жаңалықтары