Бүгінде аудандық білім беру жүйесінде 831 педагог жемісті еңбек етуде. Елімізде мұғалімдердің кәсіби біліктілігін арттыруға ерекше мән берілген. Осы орайда, биыл ауданымызда 130 мұғалім біліктілікті арттыру курстарынан өтіп жатса, келесі жылы тағы 210 педагогті оқыту жоспарланып отыр.
Аттестаттау қорытындысы бойынша аудан педагогтерінің сапалық құрамы 5 пайызға артып, нәтижесінде үздік мұғалімдердің 68 инновациялық тәжірибесі зерделеніп, жинақталды.
Сонымен қатар, жаңа оқу жылында аудан мектептерінде 44 жас маман өз еңбек жолын бастады. Бұл білім беру жүйесіне жаңа кадрлар тартуға және педагогикалық әлеуетті одан әрі нығайтуға жол ашады.