ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ӨТКЕН ЖАРЫСТА ПОЛИЦИЯ ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫН КҮШЕЙТТІ

    ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ӨТКЕН ЖАРЫСТА ПОЛИЦИЯ ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫН КҮШЕЙТТІ
    Заң мен тәртіп” қағидатын іске асыру аясында Түркістан облысының Сайрам ауданында “Сайрам марафон – 2026” жүгіру жарысы өтті. Биыл екінші рет ұйымдастырылған спорттық шараға 300-ден астам адам қатысты.
    Қатысушылар жеті шақырымдық қашықтықты Жібек жолы және Манкент ауылдық округтері шекарасынан бастап, Ақсу ауылындағы “Мәртөбе” алаңында аяқтады. Жарыс кезінде полиция қызметкерлері қоғамдық тәртіпті сақтап, қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін күшейтілген режимде қызмет атқарды.
    Тәртіп сақшылары жүгіру бағыты бойында жол қозғалысын реттеп, автокөліктердің қатысушыларға кедергі келтірмеуін бақылауда ұстады. Сонымен қатар полиция басқармасының бастығы Еркеғали Мейрбеков бастаған полиция қызметкерлері марафонға қатысып, салауатты өмір салтын насихаттауға үлес қосты.
    Қоғамдық іс-шара соңында марафонға белсенді қатысқан тұрғындарға Түркістан облысы полиция департаменті атынан сыйлықтар табысталды.
    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Түркістан облысының Полиция департаменті" жаңалықтары