
Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес, аудан әкімі Ербол Жиенқұловтың 2026 жылдың екінші жартыжылдығына жоспарланған халықпен тұрақты кездесулері басталды. Алғашқы кездесулер Меркі және Жамбыл ауылдық округтерінің тұрғындарымен өтті.
Аудан әкімі ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері мен атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады. Есепті кезеңде ауыл шаруашылығы, инвестиция және сауда салаларында оң өсім қалыптасқан. Ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 22,8 млрд теңгеге жетіп, нақты көлемі 4,4 пайызға артқан. Негізгі капиталға 24,9 млрд теңге инвестиция салынып, өсім 4,3 пайызды құраған. Бөлшек сауда айналымы 16,4 млрд теңгеге жетіп, 5,2 пайызға өскен.
Кездесулер барысында Ербол Жиенқұлов тұрғындардың өтініш-тілектерін тыңдап, сұрақтарына жауап берді. Көтерілген мәселелерді шешу жолдарын тұрғындармен талқылап, олардың орындалу тәртібін түсіндірді. Жауапты мекеме және бөлім басшыларына нақты тапсырмалар беріп, орындалуын бақылауға алды.
Халықпен тұрақты кездесулер қалған ауылдық округтерде жалғасады.









