Бүгін «№2 Новоишим орта мектебі» КММ-де 8–9 сынып оқушыларына арналған педагогикалық сыныптың салтанатты ашылуы өтті

    Бүгін «№2 Новоишим орта мектебі» КММ-де 8–9 сынып оқушыларына арналған педагогикалық сыныптың салтанатты ашылуы өтті

    Педагогикалық сынып — оқушылардың педагог мамандығын саналы түрде таңдауына жасалған алғашқы қадам. Бұл — мұғалім мамандығымен жақынырақ танысуға, көшбасшылық, қарым-қатынас жасау және ұйымдастырушылық қабілеттерін дамытуға мүмкіндік.

    Іс-шараның құрметті қонақтары Ғ. Мүсірепов атындағы аудан әкімінің орынбасары Б.А. Сапанов, «СҚО әдістемелік орталығы» КММ директоры Р.С. Сәркен, «М. Жұмабаев атындағы жоғары колледж» КММ директоры Г.Ш. Жаканова және «Ғ. Мүсірепов атындағы ауданның білім бөлімі» КММ басшысы Э.М. Карабаева болды.

    Педагогикалық еңбек ардагері А.П. Штранина мен мектебіміздің педагог-шебері, орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі А.В. Горохводацкаяның оқушыларға айтқан ақ тілектері мен берген батасы іс-шараның ерекше әсерлі сәттерінің бірі болды. Олар өздерінің кәсіби тәжірибелерімен бөлісіп, жас өрендерге өздеріне сенімді болуды, мақсаттарына табандылықпен ұмтылуды және таңдаған мамандықтарына бастар жолда табысқа жетуді тіледі.

    Іс-шара аясында колледж директоры Гүлжан Шамильевна символикалық капсуланы салтанатты түрде табыстады. Сондай-ақ «№ 2Новоишиморта мектебі» КММ мен «Мағжан Жұмабаев атындағы жоғары колледж» КММ арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылып, педагогикалық сынып оқушыларына «Мағжан жастары» төсбелгілері табысталды.

    Педагогикалық сыныптың ашылуы оқушыларымыз үшін үлкен әрі қызықты жолдың бастауы болып, олардың болашақ мамандығын саналы түрде таңдауына және келешекте білікті де ұлағатты ұстаздар қатарын толықтыруына ықпал етсін!

    Педагогикалық сынып — ұстаздыққа бастар алғашқы қадам!

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    ""Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы" КММ "Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның білім бөлімі" КММ" жаңалықтары