Аймақ басшысы ұстаздарды кәсіби мерекесімен құттықтады

    Аймақ басшысы ұстаздарды кәсіби мерекесімен құттықтады

    Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов өңіріміздің ұстаздарын кәсіби мерекесімен құттықтады.

    Мемлекет басшысы білім сапасын арттыру, әр балаға тең мүмкіндік жасау, заманауи технологиялар мен жасанды интеллектіні енгізу, педагогтерді қолдау мәселелерін айқындады.

    «Тек 2023 жылдан бері облыста 6 840 орынға арналған 10 жаңа мектеп және 15 балабақша салынды. Соның арқасында оқушы орындарының тапшылығы үш есеге қысқарды. 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту деңгейі 100 пайызға, ал 2 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды қамту 96,6 пайызға жетті», – деді аймақ басшысы.

    Жаңа зауыттар мен заманауи өндірістердің ашылуына, экономиканың өсіп келе жатқан сұранысына орай, соңғы жылдары облыс колледждерінде 25 жаңа мамандық ашылды. Айталық, бүгінде жаңа өндірістердегі жұмысшылардың 70%-ін 35 жасқа дейінгі жастар құрайды.

    Өңірде 22 мыңға жуық педагог және 159 мыңға жуық білім алушы бар. Биыл облысымыздың білім саласында жеткен жетістіктер аз емес. PISA-2025 халықаралық зерттеуінде облысымыз үш бағыт бойынша үздік үштікке енді: оқу сауаттылығы бойынша 2-орын, жаратылыстану-ғылыми сауаттылығы және цифрлық мәселелерді шешу дағдылары бойынша 3-орын иеленді.

    Қостанай облысының барлық мектептері жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз етілген, 156 ауыл мектебі Starlink спутниктік интернетін пайдаланады. 5 мыңнан астам мұғалім ChatGPT Edu жасанды интеллект көмекшісін пайдаланады. «Жасанды интеллект және Game Development» жобасына 666 оқушы, «Auyl Ertegi» республикалық жобасына 14 оқушы қатысты. Биыл алғаш рет өңірімізде «QOSTANAI TECH» отбасылық фестивалі ұйымдастырылды.

    «Мемлекет басшысы тамыз конференциясында Қостанай облысы түлектерінің Ұлттық бірыңғай тестілеудегі жоғары нәтижелерін ерекше атап өткен болатын. Осы жетістіктердің әрқайсысының артында ұстаздарымыздың еселі еңбегі, кәсіби шеберлігі мен үлкен жауапкершілігі тұр. Білім саласының ардагерлеріне айрықша алғысымды білдіремін. Сіздерге еңбектеріңіздің жемісін көріп, шәкірттеріңіздің жетістігіне қуана берулеріңізге тілектеспін. Ұстаздар күні құтты болсын!», – деп атап өтті облыс әкімі.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қостанай облысының әкімдігі" жаңалықтары