Қостанай облысының әкімі Құмар АқсақаловЖітіқара ауданынабарған жұмыс сапары барысында1976 жылы салынған, 27 жыл пайдаланылмаған бұрынғы емхана ғимаратыныңашылуына қатысты.
Жобаның бас мердігері – «UniСтрой» ЖШС. Авторлық қадағалауды «СпецPSY» ЖШС, ал техникалық қадағалауды «АСКОС+» ЖШС жүзеге асырды.
Ғимарат төрт қабаттан және жертөледен тұрады. Жалпы ауданы 1324,2 шаршы метр.
Құрылыс-монтаж жұмыстарының жалпы құны 972,8 млн теңгені құрады.
Нысанның пайдалануға берілуі өңірдің инфрақұрылымын дамытуға және тұрғындарға көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға бағытталған маңызды қадам болып табылады.
Бұдан бөлек, жыл соңына дейін аудандық аурухана базасында өңіраралық көпбейінді аурухана құру жоспарланып отыр. Қазір хирургиялық корпусқа МРТ және ангиограф аппараттарын орналастыруға арналған қосымша ғимарат салынуда.
Аймақ басшысыЖітіқара ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуындағыоң динамиканы атап өтті.Өңірде өнеркәсіп өндірісінің көлемі 18%, ауыл шаруашылығы 30,1%, инвестиция тарту көрсеткіші 25,6%, құрылыс жұмыстары 23,2%, тұрғын үйді пайдалануға беру 66,1% құрады.
Жыл басынан бері ауыл шаруашылығы кәсіпорындары 22 арнайы техника сатып алған.
Аудандық маңызы бар екі жол учаскесін орташа жөндеу жалғасуда. Жобалар аяқталған соң жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы аудандық жолдардың үлесі 56,7-ден 77%-ке артады.
Алдағы уақытта Жітіқара – Денисов автожолын жөндеу көзделген.
Спорт инфрақұрылымын дамыту мақсатында жабық хоккей корты салынады.
Мұса Шожанов атындағы №2 мектепке ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіледі.
Мәдениет сарайы жөнделеді.
«Жеңіс саябағында» «Комаров тау-кен кәсіпорны» ЖШС 670,2 млн теңге қаражаты есебінен ауқымды абаттандыру жұмыстарын жүргізді.
Жалпы,«Таза Қазақстан» экологиялық бастамасы аясында жыл басынан беріауданда15 мың тонна қоқыс шығарылды, 3,5 мың көшет, 123 мың гүл көшеті отырғызылды.
Облыс әкімі аудан орталығындағы300 орындық «Қазына» мейрамханасының жұмысымен танысты.Нысанды салуға400 млн теңгеинвестициятартылды. 30 адам тұрақты жұмыспен қамтылған.
Айта кету керек, кәсіпкерлік саласында жыл басынан бері 6 жаңа сауда және қоғамдық тамақтану нысаны ашылған.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









