Еңбек кітапшасында еңбек қызметім туралы жазба бар, алайда сол жазбадағы мөр анық көрінбейді. Бұл жағдайда еңбек өтілім қалай расталады?

    Еңбек кітапшасында еңбек қызметім туралы жазба бар, алайда сол жазбадағы мөр анық көрінбейді. Бұл жағдайда еңбек өтілім қалай расталады?

    Егер еңбек кітапшасында еңбек қызметі туралы жазба бар болғанымен, құжаттағы мөр анық көрінбейтін немесе мөрдің деректері оқылмайтын жағдайда, аталған еңбек кезеңін қосымша құжаттармен растау қажет.

    Ең алдымен, азаматтың еңбек кітапшасындағы жазбаның дұрыс толтырылғаны және онда жұмысқа қабылданған және жұмыстан босатылған күндердің көрсетілгені тексеріледі. Сонымен қатар, еңбек қызметін растайтын басқа да құжаттар қаралады.

    Мысалы, жұмысқа қабылдау немесе жұмыстан босату туралы бұйрықтар, архивтік анықтамалар, жалақыны есептеу жөніндегі ведомостар және басқа да құжаттар еңбек қызметін растауға негіз болуы мүмкін.

    Егер азамат бұрын жұмыс істеген ұйым қазіргі уақытта қызметін тоқтатқан болса, сол ұйымның құжаттары қай архивте сақталатынын анықтау қажет. Құжаттар архивте болған жағдайда, архивке жүгініп, еңбек қызметін растайтын анықтама немесе құжаттардың көшірмесін алуға болады.

    Сондықтан еңбек кітапшасындағы мөрдің анық көрінбеуі еңбек өтілін бірден есепке алмауға жалғыз негіз болып табылмайды. Еңбек қызметінің тиісті кезеңін растайтын басқа құжаттар болған жағдайда, олар белгіленген тәртіппен қаралады.

    Ал еңбек қызметін растайтын құжаттарды алу мүмкін болмаған жағдайда, азамат өз құқықтарын қорғау үшін заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгініп, еңбек қызметінің тиісті кезеңін анықтатуға құқылы.

    Осыған байланысты азаматқа еңбек кітапшасымен қатар, еңбек қызметін растайтын барлық қолда бар құжаттарды жинап, тиісті органға ұсыну ұсынылады.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    ""Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі" жаңалықтары