Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау кезінде зейнетақы жүйесіне қатысу ұзақтығы қалай анықталады?

    Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау кезінде зейнетақы жүйесіне қатысу ұзақтығы қалай анықталады?

    Зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі қалай айқындалады?

    Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау кезінде азаматтың зейнетақы жүйесіне қатысуының жалпы өтілі ескеріледі.

    Жалпы өтілге зейнетақы жүйесіне қатысу кезеңдері, оның ішінде 1998 жылғы 1 қаңтарға дейінгі ынтымақты зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі, сондай-ақ зейнетақы заңнамасына сәйкес міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) төленген кезеңдер енгізіледі.

    Бұл ретте, егер МЗЖ-ның 10%-ын жұмыс беруші уақтылы аудармаған болса, тиісті кезең құжаттармен расталуы мүмкін. Атап айтқанда, мәліметтер Қағидаларға қосымшада көзделген 4-нысан бойынша анықтамамен, жұмыс берушінің анықтамасымен, сондай-ақ заңды күшіне енген сот шешімімен расталуы мүмкін.

    Базалық зейнетақы төлемінің мөлшері зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне байланысты белгіленеді:

    🔹 10 жылға дейін — ең төмен күнкөріс деңгейінің 70%-ы;
    🔹 10 жылдан жоғары — әрбір толық жыл үшін қосымша 2%;
    🔹 30 жыл және одан жоғары өтіл болған кезде — төлем мөлшері ең төмен күнкөріс деңгейінің 118%-ына дейін жетеді.

    Осылайша, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау кезінде зейнетақы жүйесіне қатысудың жалпы өтілі, оның ішінде 1998 жылғы 1 қаңтарға дейінгі ынтымақты зейнетақы жүйесіндегі өтіл және жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысудың белгіленген тәртіппен расталған кезеңдері ескеріледі.

    №3 зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің басшысы Н.Ж. Сарсембаева

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    ""Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі" жаңалықтары