ҚАРАӨТКЕЛ АУЫЛЫ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА: ХАЛЫҚТЫ ҚАБЫЛДАУ ӨТТІ

    ·Жаңалықтар мұрағаты
    ҚАРАӨТКЕЛ АУЫЛЫ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА: ХАЛЫҚТЫ ҚАБЫЛДАУ ӨТТІ

    Бүгін, 6 қазанда Қараөткел ауылдық округі әкімінің аппаратының ғимаратында Аудандық сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары бөлімінің өкілдерінің қатысуымен тұрғындарға арналған қабылдау өтті.

    Кездесуде ауылдың тұрғындары жер мен жылжымайтын мүлікке қатысты көкейкесті сұрақтарын қойды.

    Қабылдау барысында келесі өзекті мәселелер қамтылып, мамандар тарапынан толық түсініктеме берілді:

    🔹 Жер телімінің нысаналы мақсатын ауыстыру (целевка);

    🔹 Жер телімін бөлу тәртібі;

    🔹 Жылжымайтын мүліктің техникалық паспортының дұрыстығын тексеру;

    🔹 Жер мен мүлікті тіркеу және заңдастыру бойынша басқа да сұрақтар.

    Жергілікті тұрғындармен мұндай түсіндіру және консультативтік кездесулер алдағы уақытта да өз жалғасын табады.

    🙌 Кездесуге қатысып, белсенділік танытқан барша тұрғындарға алғыс білдіреміз!

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары