Хабарландыру

    Құрметті Қараөткел ауылдық округінің тұрғындары!

    Жол бойында және жайылымдарда жүрген табындар мен жануарлардың иелеріне жарық шағылыстыратын алқалар мен басқа да жарық шағылыстыратын құралдарды сатып алып, пайдалану керектігін хабарлаймыз.

    Қалааралық, ауданаралық және облысаралық қатынас жолдарында жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ауыл шаруашылығы жануарларының автокөлік жолдарының жүру бөлігіне және жол маңына бақылаусыз шығуына жол бермеу қажет.

    Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру және ветеринариялық талаптарды сақтау қажет.

    Бұл міндеттер орындалмаған жағдайда, Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 406 бабында ветеринария саласындағы заңнаманы бұзғаны үшін жауапкершілік қарастырылған.

    Қараөткел ауылдық округі әкімінің аппараты

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Ақмола облысы Целиноград ауданы Қараөткел ауылдық округі әкімінің аппараты" жаңалықтары