Құрметті Жаңажол ауылының тұрғындары!
Сіздерді 2026 жылғы 3 желтоқсан күні сағат 11:00-де Жаңажол ауылының ауылдық клубында өтетін Қараөткел ауылдық округі әкімінің халықпен кездесуіне шақырамыз.
Кездесу барысында ауылдық округтің әлеуметтік-экономикалық дамуы, атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар туралы ақпарат беріліп, ауыл тұрғындарын толғандыратын өзекті мәселелер талқыланады.
Сонымен қатар, тұрғындардың ұсыныс-пікірлері мен өтініштері тыңдалып, көкейде жүрген сұрақтарға жауап беріледі.
Ауылымыздың дамуына қатысты маңызды мәселелерді бірлесе талқылау үшін баршаңызды кездесуге белсенді қатысуға шақырамыз!
Сіздердің қатысуларыңыз бен ұсыныс-пікірлеріңіз біз үшін маңызды!
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.






