АУЫЛ МЕКТЕБІНЕН — ЖАҢА БАСҚАРУШЫЛАР

    АУЫЛ МЕКТЕБІНЕН — ЖАҢА БАСҚАРУШЫЛАР

    Май ауданының шағын ауыл мектептерінде еңбек етіп жүрген педагогтердің кәсіби дамуы мен жаңа бастамаларға ұмтылысы өз нәтижесін беруде.

    «Білім берудегі өзгерістердің 1000 көшбасшысы» жобасының тыңдаушылары болған Қаратерек орта мектебінің педагогтері Майманова Гульдара Балтабековна және Кайсина Лайля Кулумхановна басқару бағытындағы оқудан өтіп, мектеп директоры қызметіне тағайындалды.

    Гульдара Балтабековна Ерсін Мұқашев атындағы орта мектептің, ал Лайля Кулумхановна өзі еңбек етіп келген Қаратерек орта мектебінің директоры болып, конкурссыз негізде қызметке кіріскен еді.

    Екі ұстаз да — 2024 және 2025 жылдардағы жоба тыңдаушылары. Бұл — ауыл мектебіндегі педагогтің кәсіби өсуіне, көшбасшылық қабілетін дамытуына және білім беру ұйымын жаңа талаптарға сай басқаруына жасалған мүмкіндіктің нақты нәтижесі.

    Бүгінгі мектепке тек жақсы мұғалім ғана емес, өзгерісті жүзеге асыра алатын, жаңаша ойлайтын, заманауи басқару мәдениетін қалыптастыратын көшбасшы қажет.

    Жаңа басшылардың келуімен мектептерде жаңа идеялар, жаңа басқару тәсілдері мен жаңа мүмкіндіктерге жол ашылады.

    Ауыл мектебі — сапалы білімнің ғана емес, мықты көшбасшылардың да ордасы.

    Алда — жаңа міндеттер, жаңа бастамалар және жаңа нәтижелер!

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    ""Павлодар облысының білім беру басқармасы" мемлекеттік мекемесі" жаңалықтары