ТҰМАУ, ЖРВИ ЖӘНЕ ВАКЦИНАЦИЯ ТУРАЛЫ

    ТҰМАУ, ЖРВИ ЖӘНЕ ВАКЦИНАЦИЯ ТУРАЛЫ

    ТҰМАУ, ЖРВИ ЖӘНЕ ВАКЦИНАЦИЯ ТУРАЛЫ

    Павлодар облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Замзагүл Дощанова «Алматы» және «Ирбис» телеарналарына сұхбат беріп, өңірдегі эпидемиологиялық жағдай, тұмауға қарсы вакцинация және алдын алу шаралары туралы айтып берді.

    1 қазаннан бастап ЖРВИ мен тұмаудың эпидемиялық маусымы басталды.

    2026–2027 жылдардағы маусым басталғалы облыста 717 ЖРВИ жағдайы тіркелді. Аурушаңдық көрсеткіші — 100 мың тұрғынға шаққанда 95,5 жағдай.

    14 жасқа дейінгі балалар арасында 454 жағдай (63,3%), оның ішінде 1 жасқа дейінгі балалар арасында 117 жағдай (16,3%) тіркелді.

    ВАКЦИНАЦИЯ

    Ағымдағы маусымға жергілікті бюджет қаражаты есебінен тұмауға қарсы 80 300 доза вакцина сатып алынды. Оның алғашқы 20 000 дозасы облысқа жеткізіліп, медициналық ұйымдар халықты вакцинациялауға кірісті.

    Вакцинация жүргізу үшін құрамындағы штамдары Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсынымдарына сәйкес келетін «Гриппол®» вакцинасы қолданылуда.

    Тегін вакцинация бірінші кезекте медицина қызметкерлеріне, диспансерлік есепте тұрған балаларға, жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, медициналық-әлеуметтік мекемелердің контингенті мен қызметкерлеріне, сондай-ақ эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша жұқтыру қаупі жоғары адамдарға қарастырылған.

    АЛДЫН АЛУ

    Қолыңызды жиі жуыңыз, бөлмелерді желдетіңіз, тазалық сақтаңыз, жеткілікті демалыңыз, тоңып қалудан және ауру адамдармен байланыстан аулақ болыңыз.

    Алғашқы белгілер байқалған жағдайда дәрігерге жүгініп, өз бетінше емделмеңіз.

    Тұмауға қарсы вакцинация — аурудың алдын алудың ең тиімді шараларының бірі.

    Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз!

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Павлодар облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті" жаңалықтары