ЗЕЙНЕТАҚЫ ТӨЛЕМДЕРІН АЛАТЫН 300 АДАМНЫҢ ЖАСЫ 100-ДЕН АСТЫ

    ЗЕЙНЕТАҚЫ ТӨЛЕМДЕРІН АЛАТЫН 300 АДАМНЫҢ ЖАСЫ 100-ДЕН АСТЫ

    Қазақстанда зейнетақы төлемдерін алушылар арасында 100 және одан жоғары жастағы 300 азамат есепте тұр. Ең жасы үлкен қазақстандық Ұлытау облысында тұрады, ол 116 жасқа толған туған күнін атап өтті.

    Еліміздің ең ірі мегаполисінде, Алматы қаласында ең көп жүзжылдықтар тұрады, онда 100 және одан жоғары жастағы 41 адам бар екенін айта кету керек.

    Ұзақ өмір сүрушілер саны бойынша екінші орында – Түркістан облысы. Онда 100 жастан асқан 32 адам тұрады.
    Ұзақ өмір сүретіндер саны бойынша үшінші орында Алматы облысы тұр, онда 100 және одан жоғары жастағы 25 адам тұрады.

    Ең қарт қазақстандықтардың үштігіне Ұлытау облысының тұрғыны – 116 жас, Павлодар облысы – 114 жас, Қостанай облысы – 111 жас кірді.

    Естеріңізге сала кетейік, жыл сайын бүкіл әлемде, оның ішінде Қазақстанда да 1 қазанда Халықаралық қарттар күні атап өтіледі. Бұл мерекені 1990 жылы 14 желтоқсанда Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы 45 сессияда жариялады.

    Оны өткізудің басты мақсаты – егде жастағы адамдардың мемлекет пен қоғам алдындағы еңбегін құрметтеу және тану, сондай-ақ олардың проблемалары мен қажеттіліктеріне, өмір сүру сапасын арттыру қажеттілігіне назар аудару, оларға жалпыға бірдей қамқорлық көрсету.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті" жаңалықтары