Служба, где важны профессионализм и результат: в Алматы отметили лучших оперативников

    Служба, где важны профессионализм и результат: в Алматы отметили лучших оперативников

    Алматыда Қылмыстық іздестіру қызметі күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Жедел бөлімшелер қызметкерлерін марапаттауға Алматы қаласы Полиция департаментінің бастығы Айдын Кабдулдинов, государственный орган басшылығы, жедел-іздестіру қызметінің ардагерлері, сондай-ақ қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапқан қызметкерлердің туған-туыстары мен жақындары қатысты.

    Бұл күн құқық қорғау саласындағы ең күрделі әрі жауапты бағыттардың біріне өз өмірін арнаған азаматтарға деген құрметтің белгісі. Жедел уәкілдің жұмысы жоғары кәсіби дайындықты, принципшілдікті, батылдықты, сабырлылықты және ең қиын жағдайларда шешім қабылдай білуді талап етеді.

    «Жедел қызмет полиция жұмысының маңызды бағыттарының бірі болды және солай болып қала береді. Ашылған әрбір қылмыстың артында қызметкердің тынымсыз еңбегі, кәсіби білімі мен тәжірибесі, жедел пайымы және кейде жеке басына төнетін тәуекелі жатыр. Бұл қызметте антқа адалдық, принципшілдік және нәтижеге деген жауапкершілік айрықша маңызды. Бүгін біз жоғары көрсеткішке қол жеткізген қызметкерлерді ғана емес, соңына дейін антына адал болып, қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапқан әріптестерімізді де еске алып, құрмет көрсетеміз», – деді Айдын Кабдулдинов.

    Іс-шара барысында жедел-іздестіру қызметінің ардагерлеріне де ерекше алғыс айтылды. Олардың кәсіби тәжірибесі мен қалыптасқан дәстүрлері ұрпақтар сабақтастығының маңызды бөлігі әрі жас қызметкерлерді даярлаудың берік негізі болып табылады.

    Салтанатты жиын барысында жедел бөлімшелердің 250-ге жуық қызметкері адал қызметі, кәсіби шеберлігі және жедел-қызметтік жұмыста жоғары нәтижеге қол жеткізгені үшін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің және Алматы қаласы Полиция департаменті бастығының бұйрықтарымен марапатталды.

    Іс-шараның ерекше әрі әсерлі сәттерінің бірі – қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапқан қызметкерлердің отбасыларын құрметтеу болды. Олардың есімі Алматы полициясының тарихында сақтаулы. Олар – батылдықтың, антқа және қызметтік борышқа адалдықтың үлгісі.

    Мерекелік көңіл күйді мазмұнды концерттік бағдарлама толықтырды. Кештің музыкалық шырайын Ұлттық ұлан оркестрінің өнері келтіріп, әсерлі шығармалары көрермендер мен қонақтарға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

    Салтанатты шара кәсіби мерекені атап өтумен қатар, заң мен тәртіпті қорғап жүрген қызметкерлерге құрмет білдіріп, қызметтік міндетін орындау жолында қаза болған әріптестердің есімін ұлықтауға мүмкіндік берді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Алматы қаласының Полиция департаменті" жаңалықтары