Карпат–Дукла шайқасының 82 жылдығы

    Карпат–Дукла шайқасының 82 жылдығы

    Ү.ж. 3 қазанда Қазақстанның Словакиядағы Елшісі Жанна Сағынова Екінші дүниежүзілік соғыстың қазіргі Словакия аумағында өткен ең ірі әскери операциялардың бірі – Карпат–Дукла шайқасының 82 жылдығына арналған еске алу іс-шараларына қатысты.

    Салтанатты рәсім Дукла асуында орналасқан ұлттық мәдени ескерткіш – «Дукла шайқасы алаңы» кешенінде өтті. Іс-шараға Словак Республикасының Президенті Петер Пеллегрини, Ұлттық кеңесінің төрағасы Рихард Раши, Үкімет мүшелері, дипломатиялық корпус өкілдері, ардагерлер, қоғам қайраткерлері мен аймақ тұрғындары қатысты.

    Анықтама:Дукла асуы үшін болған шайқастар Словакия мен Еуропаны фашизмнен азат етудің басталуына жол ашты. Карпат–Дукла операциясы 1944 жылғы 8 қыркүйекте басталып, кең ауқымды Шығыс-Карпат операциясының құрамында сол жылдың 28 қазанына дейін жалғасты. Бұл Екінші дүниежүзілік соғыстың ең қанды әскери операцияларының бірі болды. Операция барысында 13 264 кеңес жауынгері қаза тауып, 48 750-і жараланды. Чехословак корпусының қатарында 1 630 әскери қызметші қаза тауып, 4 069-ы жараланды. Ал қарсылас тараптың шығыны 52 мыңнан астам сарбазды құрады.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасының Словак Республикасындағы Елшілігі" жаңалықтары