Қазақстан Республикасының Словак Республикасындағы Елшілігі

    Елшілік туралы

    Қазақстан Республикасы мен Словакия Республикасы арасындағы дипломатиялық қатынастар 1993 жылғы 1 қаңтарда орнатылған. Қазақстанның Словакиядағы Елшілігі 2019 жылғы желтоқсанда ашылған. 2024 жылғы 15 қарашадан бастап ҚР Словакиядағы Елшісі Ж.Н.Сағынова болып табылады.

    Елшілік Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің жүйесіне енеді және ҚР Словакиядағы мүдделеріне өкілдік етеді.

    Елшіліктің негізгі міндеттері:

    - Қазақстан Республикасының Словакиядағы ұлттық мүдделерін қамтамасыз ету және оның сыртқы саяси курсын іске асыру;

    - Қазақстан Республикасының азаматтары мен заңды тұлғаларының Словакияның құқықтары мен мүдделерін қорғау;

    - Қазақстан Республикасының Словакиямен ынтымақтастығын дамытуды қамтамасыз ету, Қазақстанның мемлекеттік органдарының, қоғамдық ұйымдарының және іскер топтар өкілдерінің Словакиямен байланыстарын орнату және қатынастарын дамыту;

    - Қазақстан Республикасының Словакиямен халықаралық келісімшарттары жобаларын, келісімшарттарды жасасу, орындау және тоқтату жөніндегі ұсыныстарды әзірлеуге қатысу, Қазақстанның болу елімен жасасқан келісімшарттарының орындалуына бақылау жасау;

    - консулдық қызмет;

    - өзге де міндеттер.

    Жаңалықтар

    Барлық жаңалықтар
    ОтырысЖақында

    Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының XXIV отырысы

    2026 жылғы 7 қазанда Бейбітшілік және келісім сарайында Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының XXIV отырысы өтеді. Диалог алаңында әлемдік және дәстүрлі діндер – ислам, христиан, иудаизм, индуизм, буддизм, даосизм, синтоизм және бахаи діндерінің лидерлері, сондай-ақ халықаралық ұйымдардың басшылары, мемлекет қайраткерлері және әлемнің 20 елінен жетекші сарапшылар жиналады. Хатшылықтың XXIV отырысы ҚР Вице-Президенті, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі Хатшылығының Төрағасы Ерлан Тынымбайұлы Қариннің төрағалығымен өтеді. XXIV Хатшылық отырысының күн тәртібіндегі негізгі мәселе Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VIII Съезінде бастамашылық еткен және қатысушылар қолдаған екі халықаралық құжатты қарау және қабылдау. Олар: «Жасанды интеллектті діни салада пайдаланудың этикалық кодексі» және «Діндердің климаттың өзгеруіне қарсы күрестегі рөлі». Жеке мәселе ретінде, Қазақстан-Ватикан бастамасы - ж азылмайтын дертке шалдыққан балалардың құқықтар хартиясы таныстырылады. Құжатта баланың қадір-қасиетін қорғауға, оған ізгілікпен қарауға басымдық беріліп, сондай-ақ қажетті медициналық және психологиялық көмек алу құқығы бекітіледі. Сонымен қатар, тиісті сұраныс болған жағдайда баланың діни және дүниетанымдық қажеттіліктерін ескере отырып қолдау көрсету көзделген.

    7 қазан 2026 ж.Тікелей
    ОтырысЭфирде

    AI & Digital Bridge 2026

    2026 жылғы 1–3 қазан аралығында елорда Орталық Еуразиядағы ең ірі технологиялық оқиға – AI & Digital Bridge 2026 халықаралық форумының алаңына айналады. Бұрын Digital Bridge атауымен белгілі болған форум жаңартылған форматта өткізіліп, Қазақстанның жасанды интеллект пен цифрлық экономиканы дамытуға бағытталған басымдықтарын айқын көрсетеді. AI & Digital Bridge форумында жетекші технологиялық компаниялар, кәсіпкерлер, инвесторлар, зерттеушілер және мемлекеттік институттардың өкілдері бір алаңда бас қосып, цифрлық технологиялар, жасанды интеллект және инновациялық экономика болашағын талқылайды. Форумның ресми бағдарламасындағы стратегиялық іс-шаралардың бірі – Жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңестің отырысы . Жиында елдегі AI экожүйесін дамыту, жасанды интеллект саласындағы ұлттық саясатты іске асыру және жаңа цифрлық экономика үшін кадр даярлау мәселелері қарастырылады. Форум бағдарламасының дәстүрлі әрі көпшілік асыға күтетін бөлімдерінің бірі – Astana Hub Battle халықаралық стартап-байқауы . Бұдан бөлек жасанды интеллект саласындағы жаңа есімдерді танытуға ықпал ететін ауқымды халықаралық жарыс өтеді. Жас IT-командалар үшін бұл идеяларын таныстырып, жобаларын дамытуға қолдау табудың маңызды алаңы болмақ. Бүгінде AI & Digital Bridge аймақтың жетекші технологиялық оқиғаларының біріне айналды. Жеті жыл ішінде форумға 100 елден 127 мыңнан астам адам қатысып, 1500-ден астам спикер ой қозғап, 600-ден астам стартап жаһан назарына таныстырылды.

    1 қазан 2026 ж.Тікелей
    Астана
    ОтырысАяқталды

    Astana Finance Days 2026

    2026 жылғы 9-10 қыркүйекте Астанада "Astana Finance Days (AFD) 2026: Delivering Impact. Capital in Action" форумы өтеді. Форум банкирлерді, брокерлерді, инвесторларды, қаржы және технологиялық секторлардың, сондай-ақ мемлекеттік және квазимемлекеттік институттардың өкілдерін қоса алғанда, нарықтың кәсіби қатысушыларын біріктіреді. 2018 жылы алғаш өткізілген сәттен бастап Astana Finance Days өзін инвестициялар тарту, капитал нарықтарын нығайту және Қазақстанда жаңа бизнес-мүмкіндіктерді қалыптастыру үшін қаржы индустриясы көшбасшыларын бір алаңға жинайтын Еуразия аймағының негізгі қаржы форумы ретінде танытты. Форумға қатысушылар әрдайым оның практикалық құндылығын атап көрсетіп келеді: алаң жаңа жобаларға, мәмілелерге және ұзақ мерзімді стратегиялық серіктестіктерге айналатын өзара іс-қимылды жолға қоюға мүмкіндік береді. Мұнда бизнес өзіне серіктестер таба алады, қаржылық күн тәртібіндегі мәселелер шешіледі, ал қатысушылар саны жыл сайын артып келеді. 2025 жылы форум әлемнің 82 елінен 5 500-ден астам қатысушыны, соның ішінде жиынтық көлемі $1,5 трлн құрайтын активтерді басқарушыларды жинады. Бағдарлама 160 спикерді, 40-тан астам іскерлік іс-шараны, Astana International Exchange биржасындағы төрт жаңа листингті және жеті келісімге қол қоюды қамтыды. AFD 2025 спикерлерінің қатарында мемлекеттік органдардың өкілдері, қазақстандық және халықаралық банктер мен инвестициялық компаниялардың топ-менеджерлері, активтерді басқарушылар, реттеушілер, финтех-кәсіпкерлер және жаһандық қаржы нарығының пікір көшбасшылары, соның ішінде танымал футуролог, кәсіпкер және әлемдік бестселлерлердің авторы Бретт Кинг болды. AFD 2026 бұл динамиканы практикалық шешімдерді әзірлеуге бағытталған терең талқылау форматында жалғастырады. Форум қатысушыларына жаһандық үрдістерді талдау, жаңа бизнес пен инвестициялық бағыттарды іздеу, қаржылық қызметтердің кәсіби көрмесін тамашалау, сондай-ақ инвесторлармен, топ-менеджерлермен және сала көшбасшыларымен іскерлік байланыстар орнату үшін мүмкіндіктер ашылады. AFD 2026 басты тақырыптарының қатарында – капитал нарықтары және инвестициялық өнімдер; сенім инфрақұрылымы: реттеу, құқықтық орта және нарықтардың тұрақтылығы; институционалдық ауқымдағы инновациялар; экономиканың нақты секторын қаржыландыру; капитал нарықтарындағы өңірлік және трансшекаралық ынтымақтастық. АХҚО экожүйесінің мүмкіндіктері мен артықшылықтарына жеке назар аударылмақ. Форум аясында компаниялардың өсу тарихынан бастап капиталды табысты тартуға және халықаралық нарықтарға шығуға дейінгі Орталықтың юрисдикциясында бизнесті дамыту кейстері ұсынылатын болады. Форумның тағы бір маңызды тұсы AFD Exhibition болады – бұл қатысушылар өз шешімдері мен жұмыс нәтижелерін көрсететін көрме платформасы. Компаниялар үшін бұл нарықтағы позицияны нығайту және стратегиялық серіктестермен тікелей байланыс орнату мүмкіндігі. Форум дәстүрлі түрде серіктестер мен демеушілердің қолдауы арқасында өткізіледі. 2025 жылы Freedom Broker, Solidcore Resources, ITS, MYD Production, LMAX Group, Teniz Capital Investment Banking, Allur, Binance, Mastercard және т.б. серіктестердің рөлін атқарған еді. AFD 2026-ға демеушілер ретінде қатысуға нарықтағы позицияларды нығайтуды және қаржы саласының көшбасшыларымен стратегиялық серіктестіктер құруын көздейтін компаниялар шақырылады. Сондай-ақ компанияларды AFD Exhibition-ге қатысуға шақырамыз. Қатысушыларды тіркеу және іс-шараның егжей-тегжейлі бағдарламасы форумның astanafindays.org ресми сайтында қолжетімді болады. Форумға қатысты жалпы сұрақтар бойынша [email protected], серіктестік мәселелері бойынша [email protected] электронды мекенжайға хабарласыңыздар.

    9 қыркүйек 2026 ж.Тікелей
    Астана
    ОтырысАяқталды

    Astana Eurasian Book Fair 2026

    Елордадағы Президент орталығында 22-26 сәуір күндері «Astana Eurasian Book Fair-2026» IX Халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі өтеді. Бұл – Орталық Азиядағы ең ауқымды мәдени-ағартушылық шаралардың бірі, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. «Astana Eurasian Book Fair-2026» кітап көрме-жәрмеңкесін Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі және Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен «Фолиант» баспасы ұйымдастырып отыр. «Astana Eurasian Book Fair-2026» көрмесіне 80-ге жуық кітап шығару, танымдық-ғылыми білім беру және полиграфиялық компания қатысады. Соның тең жартысы қазақстандық ұйымдар болса, Қазақстан, Ресей, Түркия, Қырғызстан, Өзбекстан, Әзербайжан, Моңғолия, Испания, Қытай, Иран, Беларусь, Португалия, Венесуэла, Ұлыбритания елдерінен 40 компания қатысқалы отыр. «Astana Eurasian Book Fair – 2026» кітап көрме-жәрмеңкесі бес күндік мәдени-іскерлік бағдарламадан тұрады. Көрме аясында жаңа кітаптардың тұсаукесерлері, авторлармен кездесу, автограф-сессиялар, балалар алаңында арнайы шеберлік сағаттары өткізіледі. Атап айтқанда, Түркия Мәдениет және туризм министрлігінің қолдауымен жарық көрген «Түрік асханасы» кітабының, Бекарыс Шойбековтің «Айтыстың алтын айдар Бекарысы» айтыстар жинағының, Маржан Ершудің «Жалғыз қол» поэмасының, «Замандастар» сериясымен шыққан «Елдос Сметов. Төзім. Сенім. Жеңіс» кітабының, Ерлан Қожабаевтың «Қазақ оюлары» фотоальбомының, Анжей Сапковскийдің «Мыстангер» фантастикалық шығармасының, Ұларбек Дәлейдің «Бату хан» тарихи романының, Әлішер Рахаттың «Иесіз көлеңке», испан жазушысы Хавьер Мороның «Үміт сапары», Эрнест Хемингуэйдің «Қоңырау кімді жоқтайды», Әзербайжан ақыны Рәсмия Сабирдің «Өлең-әйел», Байыт Қабанұлының «Моңғол-өлең» кітабының, Нұрсұлтан Мықтыбайдың «Ақ Жайықтың көз жасы», сондай-ақ «Түркістан – мәңгілік әрі әрдайым жаңа» және «Димаш Құдайберген. Шексіз музыка» атты кітап-альбомдарының таныстырылымы өтеді деп жоспарланып отыр. 23 сәуірде Ұлттық кітап күні мерекесіне орай Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі ұйымдастырған республикалық «Ұлттық кітап» байқауының нәтижесі бойынша жеңімпаз баспаларды марапаттау рәсіміне арналған салтанатты шара өтеді. Көрменің салтанатты ашылу рәсімі 22 сәуір күні сағат 11:00-де өтеді. Оған мемлекет және қоғам қайраткерлері, танымал қаламгерлер мен шетелдік елшілер қатысады.

    22 сәуір 2026 ж.Тікелей
    Астана
    ОтырысАяқталды

    Өңірлік Экологиялық Саммит – 2026

    БҰҰ-мен әріптестікте өтетін Өңірлік Экологиялық Саммит – 2026 (ӨЭС 2026) — Орталық Азия елдерін климаттық және экологиялық сын-қатерлерді еңсеруге арналған өңірлік тәсілді айқындайтын, келісілген әрі іске асатын шешімдер мен тетіктерді бірлесе әзірлеу үшін біріктіретін платформа. Саммит күн тәртібіне табиғи деградацияның жаһандық символына айналған Арал теңізі трагедиясы, сондай-ақ Каспий теңізі деңгейінің тұрақты төмендеуі сияқты өңір үшін аса өзекті мәселелер енгізіледі. Ерекше назар Орталық Азияның «жасыл» қаржыландыруға нақты қажеттіліктерін қалыптастыруға аударылады: бұл қаржы бейімделу шараларын қолдауға, төмен көміртекті технологияларды дамытуға және өңірдің экологиялық төзімділігін күшейтуге бағытталады. Саммит мемлекеттер, халықаралық ұйымдар, ғылым және бизнес қауымдастығы арасындағы ынтымақтастықты нығайтып, диалог пен өңірлік ынтымақ үшін ортақ алаң құрады. Ол басым экологиялық проблемалар жөніндегі хабардарлықты арттыруға, практикалық шешімдерді табуға және өңірдің орнықты дамуына бағытталған болашаққа арналған бірлескен іс-қимыл жоспарларын қалыптастыруға ықпал етеді. Саммиттің түпкі мақсаты – ортақ әрекетке арналған нақты бастамалар мен тетіктерді қалыптастыру, Орталық Азия мемлекеттері басшыларының экология және орнықты даму саласындағы өңірлік ынтымақтастық жөніндегі Бірлескен декларациясын қабылдау және БҰҰ агенттіктерімен бірлескен 2026-2030 жылдарға арналған Орталық Азияның орнықты болашағына бағытталған Өңірлік іс-қимыл бағдарламасын бекіту; бұл бағдарлама Саммиттің тақырыптық бағыттары бойынша өңірлік бастамаларды, сондай-ақ жаңа экологиялық жобалар мен бастамаларды іске қосуды қамтиды.

    22 сәуір 2026 ж.Тікелей
    г. Астана
    ОтырысАяқталды

    Жаһандық инвестициялар жөніндегі қазақстандық дөңгелек үстел – 2025

    KGIR-2025 — 2017 жылдан бері елдің Премьер-Министрінің жетекшілігімен жыл сайын өткізіліп келе жатқан Қазақстан Республикасының негізгі инвестициялық іс-шарасы. Осы уақыт ішінде форум мемлекет пен халықаралық инвестициялық қауымдастық арасындағы диалогқа арналған беделді алаң ретінде танылып, үкімет өкілдерін, бизнес көшбасшыларын, халықаралық ұйымдар мен даму институттарын біріктіріп келеді. KGIR-2025-тің негізгі тақырыбы — «Трансформация дәуіріндегі жаңа шешімдер: Қазақстан – тұрақты экономикалық дамудың орталығы» . Қатысушылар жаһандық сын-қатерлер мен инвестициялық мүмкіндіктерді, болашақ тұрақты экономикаларды қалыптастырудағы Қазақстанның рөлін, инфрақұрылым, өнеркәсіп, энергетика, технологиялар және жасыл экономиканың дамуын талқылайды. Форум тәжірибе алмасуға, жобаларды таныстыруға және Қазақстанның дамуы және инновациялардың өңірлік хабы ретіндегі рөлін нығайтатын шешімдер қабылдауға арналған алаңға айналады. Биыл KGIR 40 елден 700-ден астам қатысушыны жинайды. Олардың қатарында мемлекеттік органдардың жоғары лауазымды өкілдері, трансұлттық корпорациялардың басшылары, ірі инвесторлар, халықаралық ұйымдар мен сарапшылар, сондай-ақ мемлекеттік құрылымдар, іскерлік қауымдастықтар және БАҚ өкілдері бар. Қатысушылардың қатарында дәстүрлі түрде компаниялардың бірінші басшылары, инвестициялық және стратегиялық бөлімшелердің жетекшілері, серіктестер мен бизнес дамытудың жетекші мамандары күтілуде. Форум аясында панельдік сессиялар, үздік компанияларды марапаттау рәсімі, екіжақты құжаттарға қол қою, сондай-ақ B2B және B2G форматтарында кездесулер өткізу жоспарланған. Қатысушыларды тіркеу сілтеме бойынша қолжетімді: www.kgir.kz

    31 қазан 2025 ж.Тікелей