Astana Finance Days 2026

    Орган
    Орны
    Астана
    Мәртебе
    Жақында
    Формат
    Тікелей
    Astana Finance Days 2026
    ФорумЖақында

    2026 жылғы 9-10 қыркүйекте Астанада "Astana Finance Days (AFD) 2026: Delivering Impact. Capital in Action" форумы өтеді. Форум банкирлерді, брокерлерді, инвесторларды, қаржы және технологиялық секторлардың, сондай-ақ мемлекеттік және квазимемлекеттік институттардың өкілдерін қоса алғанда, нарықтың кәсіби қатысушыларын біріктіреді.

    2018 жылы алғаш өткізілген сәттен бастап Astana Finance Days өзін инвестициялар тарту, капитал нарықтарын нығайту және Қазақстанда жаңа бизнес-мүмкіндіктерді қалыптастыру үшін қаржы индустриясы көшбасшыларын бір алаңға жинайтын Еуразия аймағының негізгі қаржы форумы ретінде танытты.

    Форумға қатысушылар әрдайым оның практикалық құндылығын атап көрсетіп келеді: алаң жаңа жобаларға, мәмілелерге және ұзақ мерзімді стратегиялық серіктестіктерге айналатын өзара іс-қимылды жолға қоюға мүмкіндік береді. Мұнда бизнес өзіне серіктестер таба алады, қаржылық күн тәртібіндегі мәселелер шешіледі, ал қатысушылар саны жыл сайын артып келеді.

    2025 жылы форум әлемнің 82 елінен 5 500-ден астам қатысушыны, соның ішінде жиынтық көлемі $1,5 трлн құрайтын активтерді басқарушыларды жинады. Бағдарлама 160 спикерді, 40-тан астам іскерлік іс-шараны, Astana International Exchange биржасындағы төрт жаңа листингті және жеті келісімге қол қоюды қамтыды. AFD 2025 спикерлерінің қатарында мемлекеттік органдардың өкілдері, қазақстандық және халықаралық банктер мен инвестициялық компаниялардың топ-менеджерлері, активтерді басқарушылар, реттеушілер, финтех-кәсіпкерлер және жаһандық қаржы нарығының пікір көшбасшылары, соның ішінде танымал футуролог, кәсіпкер және әлемдік бестселлерлердің авторы Бретт Кинг болды.

    AFD 2026 бұл динамиканы практикалық шешімдерді әзірлеуге бағытталған терең талқылау форматында жалғастырады. Форум қатысушыларына жаһандық үрдістерді талдау, жаңа бизнес пен инвестициялық бағыттарды іздеу, қаржылық қызметтердің кәсіби көрмесін тамашалау, сондай-ақ инвесторлармен, топ-менеджерлермен және сала көшбасшыларымен іскерлік байланыстар орнату үшін мүмкіндіктер ашылады.

    AFD 2026 басты тақырыптарының қатарында – капитал нарықтары және инвестициялық өнімдер; сенім инфрақұрылымы: реттеу, құқықтық орта және нарықтардың тұрақтылығы; институционалдық ауқымдағы инновациялар; экономиканың нақты секторын қаржыландыру; капитал нарықтарындағы өңірлік және трансшекаралық ынтымақтастық.

    АХҚО экожүйесінің мүмкіндіктері мен артықшылықтарына жеке назар аударылмақ. Форум аясында компаниялардың өсу тарихынан бастап капиталды табысты тартуға және халықаралық нарықтарға шығуға дейінгі Орталықтың юрисдикциясында бизнесті дамыту кейстері ұсынылатын болады.

    Форумның тағы бір маңызды тұсы AFD Exhibition болады – бұл қатысушылар өз шешімдері мен жұмыс нәтижелерін көрсететін көрме платформасы.

    Компаниялар үшін бұл нарықтағы позицияны нығайту және стратегиялық серіктестермен тікелей байланыс орнату мүмкіндігі.

    Форум дәстүрлі түрде серіктестер мен демеушілердің қолдауы арқасында өткізіледі. 2025 жылы Freedom Broker, Solidcore Resources, ITS, MYD Production, LMAX Group, Teniz Capital Investment Banking, Allur, Binance, Mastercard және т.б. серіктестердің рөлін атқарған еді.

    AFD 2026-ға демеушілер ретінде қатысуға нарықтағы позицияларды нығайтуды және қаржы саласының көшбасшыларымен стратегиялық серіктестіктер құруын көздейтін компаниялар шақырылады. Сондай-ақ компанияларды AFD Exhibition-ге қатысуға шақырамыз.

    Қатысушыларды тіркеу және іс-шараның егжей-тегжейлі бағдарламасы форумның astanafindays.org ресми сайтында қолжетімді болады. Форумға қатысты жалпы сұрақтар бойынша [email protected], серіктестік мәселелері бойынша [email protected] электронды мекенжайға хабарласыңыздар.

    Ұқсас материалдар

    КөрмеАяқталды

    Astana Eurasian Book Fair 2026

    Елордадағы Президент орталығында 22-26 сәуір күндері «Astana Eurasian Book Fair-2026» IX Халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі өтеді. Бұл – Орталық Азиядағы ең ауқымды мәдени-ағартушылық шаралардың бірі, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. «Astana Eurasian Book Fair-2026» кітап көрме-жәрмеңкесін Қазақстан Респу...

    22 сәуір 2026 ж.Тікелей
    Астана
    СаммитАяқталды

    Өңірлік Экологиялық Саммит – 2026

    БҰҰ-мен әріптестікте өтетін Өңірлік Экологиялық Саммит – 2026 (ӨЭС 2026) — Орталық Азия елдерін климаттық және экологиялық сын-қатерлерді еңсеруге арналған өңірлік тәсілді айқындайтын, келісілген әрі іске асатын шешімдер мен тетіктерді бірлесе әзірлеу үшін біріктіретін платформа. Саммит күн тәртібіне табиғи деградациян...

    22 сәуір 2026 ж.Тікелей
    г. Астана
    Дөңгелек үстелАяқталды

    Жаһандық инвестициялар жөніндегі қазақстандық дөңгелек үстел – 2025

    KGIR-2025 — 2017 жылдан бері елдің Премьер-Министрінің жетекшілігімен жыл сайын өткізіліп келе жатқан Қазақстан Республикасының негізгі инвестициялық іс-шарасы. Осы уақыт ішінде форум мемлекет пен халықаралық инвестициялық қауымдастық арасындағы диалогқа арналған беделді алаң ретінде танылып, үкімет өкілдерін, бизнес к...

    31 қазан 2025 ж.Тікелей
    ФорумАяқталды

    Astana Think Tank Forum 2025

    Жаһандық поляризациядан серіктестікке өту жолдарын іздеу және халықаралық жүйеге деген сенімді қалпына келтіру бойынша нақты ұсыныстарды әзірлеу қажеттілігі қазақстандық және шетелдік пікір көшбасшыларын, саясаткерлерді, жетекші «ақыл-ой орталықтардың» басшыларын Astana Think Tank Forum 2025 аясында біріктіреді. Форум...

    15 қазан 2025 ж.Тікелей
    ФорумАяқталды

    Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VІІІ съезі

    2025 жылдың 17-18 қыркүйекте Астана қаласында Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезінің сегізінші жиналысы өтеді. VIII Съездің пленарлық отырысы «Діндер диалогы: болашақ жолындағы синергия» тақырыбына арналады. Панельдік сессиялар «ХХІ ғасырда адамзатты ортақ мүддеге ұйыстырудағы діндердің рөлі», «Дін әлемнің орн...

    16 қыркүйек 2025 ж.Тікелей
    Астана
    Халықаралық форумАяқталды

    Астана халықаралық форумы 2025

    2024 жылғы 13-14 маусымда Қазақстанның астанасында Астана халықаралық форумы (AIF) өтеді.Форумды Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ашады. Астана халықаралық форумы – Орталық Азия аймағындағы ең ірі іс-шара, ол халықаралық күн тәртібіндегі негізгі және өзекті мәселелер бойынша шетел үкіметтерінің,...

    29 мамыр 2025 ж.Тікелей
    Астана, Конгресс-центр