Жаһандық инвестициялар жөніндегі қазақстандық дөңгелек үстел – 2025

    Орган
    Мәртебе
    Аяқталды
    Формат
    Тікелей
    Жаһандық инвестициялар жөніндегі қазақстандық дөңгелек үстел – 2025
    Дөңгелек үстелАяқталды

    KGIR-2025 — 2017 жылдан бері елдің Премьер-Министрінің жетекшілігімен жыл сайын өткізіліп келе жатқан Қазақстан Республикасының негізгі инвестициялық іс-шарасы. Осы уақыт ішінде форум мемлекет пен халықаралық инвестициялық қауымдастық арасындағы диалогқа арналған беделді алаң ретінде танылып, үкімет өкілдерін, бизнес көшбасшыларын, халықаралық ұйымдар мен даму институттарын біріктіріп келеді.

    KGIR-2025-тің негізгі тақырыбы — «Трансформация дәуіріндегі жаңа шешімдер: Қазақстан – тұрақты экономикалық дамудың орталығы». Қатысушылар жаһандық сын-қатерлер мен инвестициялық мүмкіндіктерді, болашақ тұрақты экономикаларды қалыптастырудағы Қазақстанның рөлін, инфрақұрылым, өнеркәсіп, энергетика, технологиялар және жасыл экономиканың дамуын талқылайды.

    Форум тәжірибе алмасуға, жобаларды таныстыруға және Қазақстанның дамуы және инновациялардың өңірлік хабы ретіндегі рөлін нығайтатын шешімдер қабылдауға арналған алаңға айналады.

    Биыл KGIR 40 елден 700-ден астам қатысушыны жинайды. Олардың қатарында мемлекеттік органдардың жоғары лауазымды өкілдері, трансұлттық корпорациялардың басшылары, ірі инвесторлар, халықаралық ұйымдар мен сарапшылар, сондай-ақ мемлекеттік құрылымдар, іскерлік қауымдастықтар және БАҚ өкілдері бар. Қатысушылардың қатарында дәстүрлі түрде компаниялардың бірінші басшылары, инвестициялық және стратегиялық бөлімшелердің жетекшілері, серіктестер мен бизнес дамытудың жетекші мамандары күтілуде.

    Форум аясында панельдік сессиялар, үздік компанияларды марапаттау рәсімі, екіжақты құжаттарға қол қою, сондай-ақ B2B және B2G форматтарында кездесулер өткізу жоспарланған.

    Қатысушыларды тіркеу сілтеме бойынша қолжетімді: www.kgir.kz

    Ұқсас материалдар

    ФорумЖақында

    Astana Finance Days 2026

    2026 жылғы 9-10 қыркүйекте Астанада "Astana Finance Days (AFD) 2026: Delivering Impact. Capital in Action" форумы өтеді. Форум банкирлерді, брокерлерді, инвесторларды, қаржы және технологиялық секторлардың, сондай-ақ мемлекеттік және квазимемлекеттік институттардың өкілдерін қоса алғанда, нарықтың кәсіби қатысушыларын...

    9 қыркүйек 2026 ж.Тікелей
    Астана
    КөрмеАяқталды

    Astana Eurasian Book Fair 2026

    Елордадағы Президент орталығында 22-26 сәуір күндері «Astana Eurasian Book Fair-2026» IX Халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі өтеді. Бұл – Орталық Азиядағы ең ауқымды мәдени-ағартушылық шаралардың бірі, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. «Astana Eurasian Book Fair-2026» кітап көрме-жәрмеңкесін Қазақстан Респу...

    22 сәуір 2026 ж.Тікелей
    Астана
    СаммитАяқталды

    Өңірлік Экологиялық Саммит – 2026

    БҰҰ-мен әріптестікте өтетін Өңірлік Экологиялық Саммит – 2026 (ӨЭС 2026) — Орталық Азия елдерін климаттық және экологиялық сын-қатерлерді еңсеруге арналған өңірлік тәсілді айқындайтын, келісілген әрі іске асатын шешімдер мен тетіктерді бірлесе әзірлеу үшін біріктіретін платформа. Саммит күн тәртібіне табиғи деградациян...

    22 сәуір 2026 ж.Тікелей
    г. Астана
    ФорумАяқталды

    Astana Think Tank Forum 2025

    Жаһандық поляризациядан серіктестікке өту жолдарын іздеу және халықаралық жүйеге деген сенімді қалпына келтіру бойынша нақты ұсыныстарды әзірлеу қажеттілігі қазақстандық және шетелдік пікір көшбасшыларын, саясаткерлерді, жетекші «ақыл-ой орталықтардың» басшыларын Astana Think Tank Forum 2025 аясында біріктіреді. Форум...

    15 қазан 2025 ж.Тікелей
    ФорумАяқталды

    Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VІІІ съезі

    2025 жылдың 17-18 қыркүйекте Астана қаласында Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезінің сегізінші жиналысы өтеді. VIII Съездің пленарлық отырысы «Діндер диалогы: болашақ жолындағы синергия» тақырыбына арналады. Панельдік сессиялар «ХХІ ғасырда адамзатты ортақ мүддеге ұйыстырудағы діндердің рөлі», «Дін әлемнің орн...

    16 қыркүйек 2025 ж.Тікелей
    Астана
    Халықаралық форумАяқталды

    Астана халықаралық форумы 2025

    2024 жылғы 13-14 маусымда Қазақстанның астанасында Астана халықаралық форумы (AIF) өтеді.Форумды Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ашады. Астана халықаралық форумы – Орталық Азия аймағындағы ең ірі іс-шара, ол халықаралық күн тәртібіндегі негізгі және өзекті мәселелер бойынша шетел үкіметтерінің,...

    29 мамыр 2025 ж.Тікелей
    Астана, Конгресс-центр