
Аудан әкімі азаматтарды жеке қабылдады
Бүгін Алакөл ауданының әкімі Алмас Сапарғалиұлы Абдинов азаматтарды жеке қабылдап, тұрғындардың өтініштері мен ұсыныстарын тыңдады.
Қабылдау барысында тұрғындар әлеуметтік және тұрмыстық мәселелерін жеткізді. Әрбір өтінішке жеке назар аударған аудан әкімі азаматтарға қолданыстағы заңнама аясында мәселені шешу жолдарын түсіндіріп, тиісті қолдау көрсетілетінін айтты.
Көтерілген мәселелер бойынша жауапты бөлімдерге тиісті тапсырмалар беріліп, олардың орындалуын бақылауда ұстау жөнінде нақты міндеттер жүктелді.
Азаматтарды жеке қабылдау тұрғындармен тікелей байланыс орнатып, олардың мәселелерін жедел әрі нақты қарауға мүмкіндік береді. Мұндай қабылдаулар белгіленген кестеге сәйкес тұрақты түрде өткізіледі.









