Алматыда «Педагогтер академиясы» төңірегіндегі жағдай талқыланды: әрбір баланың оқуы жалғасуы қамтамасыз етіледі

    Алматыда «Педагогтер академиясы» төңірегіндегі жағдай талқыланды: әрбір баланың оқуы жалғасуы қамтамасыз етіледі

    5 қазанда Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің білім беру мәселелері жөнінен кеңейтілген отырысы өтті. Басқарма басшылығы, әкімдік өкілдері, депутаттар және ата-аналар қатысқан жиында «Педагогтер академиясы» ҚБ төңірегіндегі жағдай мен 2026–2027 оқу жылына мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру мәселелері талқыланды.

    Білім басқармасы «Педагогтер академиясын» жабу немесе балаларды білім алу құқығынан айыру туралы сөз болып жатпағанын қадап айтты. Бүгінгі таңда ұйым мен Басқарма арасында 2026–2027 оқу жылына арналған келісімшарт міндеттемелері жоқ, қазіргі уақытта жеке ұйымның мемлекеттік тапсырыс алуға берген өтінімі қаралуда. Отырыста ұйым ұсынған мәліметтердің (оқушылар санының жобалық қуаттылыққа сәйкестігі, үйден оқитын балалар туралы деректер, кадрлық әлеует және қажетті қорытындылардың болуы) заң талаптарына сәйкестігі пысықталды. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың мәселесі де жеке назарға алынды.

    Ата-аналарға маңызды ақпарат: Балалардың құқықтары мен білім алуға қолжетімділігі толық қамтамасыз етіледі. Білім басқармасы әрбір баланың оқуын жалғастыруы үшін тұрғылықты жерін, оқыту тілін, сыныбын және жеке қажеттіліктерін ескере отырып, жеке білім беру бағытын таңдауға дайын екенін растады.

    Жиын қорытындысы бойынша ұйым ұсынған мәліметтерді кешенді тексеруді жалғастыру, үйден оқитын балалар бойынша деректерді өзара салыстыру және денсаулық сақтау органдарының қажетті түсіндірмелерін алу ұсынылды. Бюджет қаражатын жұмсау шешімдері қатаң түрде заң аясында қабылданып, балалардың мүддесі толық қорғалатын болады.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Алматы қаласының Балалардың құқықтарын қорғау басқармасы" жаңалықтары